Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет119/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
Қоршаған  ортаның  тазалығы  дегенде  ойға  орала-
тындардың бірі – демалыс орындары. Табиғатқа шығып 
бір ауық демалу қазіргі таңда әсіресе қалалықтар үшін 
қалыпты  өмір  салтына  айналғалы  қашан.  Демалыс 
аймақтарының ең әуелі әсем, таза, құлаққа ұрған тана-
дай тыныш болғанын қалаймыз. Алайда көбінесе бұл 
жерлерді күлімсі иіс жайлап, шырайының бұзылғанын, 
келушілердің  демалыс  аймақтарын  ластағанын  көріп 
ренжиміз.  Әсіресе  ойын  балалары  үшін  қауіпсіз, 
шөлмек сынығы жоқ алаңқай табу қиындап барады. 
Пайғамбарымыз  хадистерінде  тек  үйдің  аула-
сын,  жақын  маңды  ғана  емес  алыс  аймақтарды,  ел 
көлеңкелейтін  орындарды  да  таза  ұстауға  шақырады. 
Мүслимнің  риуаятында  Пайғамбарымыз  былай 
дейді:  «Лағынетке  ұшырағандар  санатында  болудан 
сақтаныңдар!»  Сахабалар:  «Олар  кімдер,  уа,  Аллаһ 
елшісі?»,  –  деп  сұрағанда,  пайғамбарымыз:  «Халық 
көп жүретін жол мен адамдар тыныстап отыратын 
көлеңке орындарға дәрет сындырғандар»
86
, – деп жауап 
қатады. Кейбір нұсқаларда «адамдар саялап отыратын 
орындар» сөзі түсіп қалып, жеміс ағаштарының түбіне 
дәрет сындыруға тыйым салынғандығы айтылады
87
.
Хадисті  түсіндірген  ғалымдардың  айтуынша, 
ластауға  тыйым  салынған  көлеңкелі  орын  тек  жеміс 
ағаштарының  көлеңкесін  ғана  емес,  халық  қыдырыс-
тап,  демалатын  көпшілікке  арналған  бүкіл  орындар-
ды, саябақтарды меңзейді
88
. Мәселен, ағаштың көлең-
кесі,  ғимарат  қабырғаcының  көлеңкесі,  жартастың 
86
  Мүслим, Таһарат 68.
87
  Хәйсәми, Мәжмәуз-зәуәид 1/204.
88
  Азимабади,  Тухфәтул-Аһуәзи  1/48;  Синди,  Һашиә  альа  Ибн 
Мәжә, 1/138-139.


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет