Исламдағы тазалық дің екі дүнидегі пайдасын ашық айтқан. осы себепті
мұсылмандар мүмкіндіктері жеткенше өңірлерде
суландыру кешендерін жасаған. Бұған мысал ретінде
Ислам тарихында сәулетші Мимар Синан жасаған
егістіктерді суғару жүйесі мен су құбырларын
келтіруге болады.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) талап-тілегі орын-
далғанда, адамзат тарихындағы айтулы эпидемиялық
аурулар орын алмас па еді, бәлкім? Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы да гигиена талаптары
сақталғанда мұның бірін көрмес едік деген тоқтамға
келген. Ислам жаңа өмір салтын қалыптастырушы
дін ретінде келіп түскендіктен ол адамды таза өмір
сүруге міндеттейді. жер шарының өркениет жете
қоймаған шалғай аймақтарында тұратын адамдардың
жеке бас гигиенасы және қоршаған орта тазалығы
туралы жеткілікті мәліметтері жоқ. Әркімнің таза,
бүлінбеген ортада өмір сүру құқығы бар. Исламға
дейінгі дәуірлерде де бұл құндылықтар пайғамбарлар
арқылы адамзатқа жеткізіліп отырған.
Су табиғи және табиғи емес болып екіге бөлінеді.