Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет126/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Қоршаған орта тазалығы
Ибн  Халдун  жаңа  елді  мекен  орнатқанда  желде-
ту  шараларын  қолға  алудың  маңызды  екенін  айтып, 
жолдарды  және  жол  тораптарын  желдің  бағытымен 
орналастыруға кеңес береді. Тұрғын үйдің ауасын таза 
ұстауға  хадистерде  баяндалған  кейбір  шаралардың 
өз  септігін  тигізері  даусыз.  Бұларды  үй-жайдың 
кең,  қабырғалардың  тым  биік  болмауы  және  үйдің 
ауласының  тар  болмауы  деп  қысқаша  түсіндіру 
жеткілікті.
судың тазалығы
ластық  пен  кір-қоңға  көбіне  судың  тапшылы-
ғы  себеп  болып  жатады.  Дүниежүзілік  денсаулық 
сақтау  ұйымы  (ДДСҰ)  таза  әрі  жеткілікті  суды 
тұтыну  мүмкіндігін  адамның  табиғи  құқықтары 
қатарына  жатқызған:  «Барлық  адамдар  әлеуметтік 
немесе  экономикалық  хал-ахуалына  қарамастан 
негізгі мұқтаждықтарын өтейтін таза және жеткілікті 
мөлшерде ауыз суын иемдену (пайдалану) құқығына 
ие»
102

Пайғамбарымыздың  ДДСҰ-ның  конференция-
сынан  1340  жыл  бұрын  таза  ауыз  су  табу  туралы 
айтқан хадистеріне құлақ түрсек, былай дейді: «Жеті 
амалдың  сауабы  кісі  өлген  соң  да  үзілмейді,  оның 
амал  дәптері  жабылмайды,  сауабы  барып  тұратын 
болады. Бұлар – ілім үйрену, су әкелу, құдық қаздыру, 
көпшіліктің игілігіне кітап жазып қалдыру, өлген соң 
артынан дұға қайыратын жақсы ұрпақ тәрбиелеу...». 
Пайғамбарымыз халықты таза сумен қамтамасыз ету-
102
 Біріккен Ұлттар Ұйымының су мәселесіне қатысты 1977 жылғы 
конференциясы.


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет