Қоршаған орта тазалығы
Мына бір оқиға тазалыққа мән берудің қаншалықты
маңызды екенін көрсетеді. Абдуллаһ ибн Аббас әңгі-
мелеуде: «Харка есімді қара нәсілді әйел бар еді. Үнемі
мешітті тазалайтын. Әлгі әйел дүниеден өткенде
ешкім Пайғамбарымызға естіртпеді. Бірнеше күн әлгі
әйелді көре алмағанына алаңдаған Пайғамбарымыз
оған не болғанын сұрады. Сахабалар оның қайтыс
болғанын айтты. Сонда Пайғамбарымыз: «Әлдекім
марқұм (о дүниелік) болса мені хабардар етіңдер!», –
деді. Сосын әйелге арнап ғайыптан жаназа намазын
оқып: «Мен оның жұмақтағы мешітте шөп-шалам
жинап жатқанын көрдім», – деді»
82
.
Алыс аймақтағы тайпаларға жолдаған жарлық-
тарында Пайғамбарымыздың мешіттерді таза ұстауды
арнайы тапсырғаны көпшілік орындарды таза ұстаудың
қаншалықты қажетті екенін ұқтыра түседі.
Сахабалар мешітте әдемі иіс сезіліп тұруына
да көңіл бөлген. Бұл туралы халифа омардың ұлы
Абдуллаһ (р.а.): «Әкем жұма сайын Аллаһ елшісінің
мешітінде хош иісті шөп тұтататын», – деген
83
.
Пайғамбарымыздың: «Жер жүзі маған мешіт әрі
таза қылынды»
84
, – деуі де барша мекенді тап мешіт
секілді мұқият таза ұстау қажет екенін көрсетеді. Тағы
бірде ол: «Аллаһ тағала асқан таза әрі пәк, пәктік
пен талғампаздықты ұнатады, әрі тым жомарт,
бекзаттық пен жомарттықты ұнатады. Олай
болса, аула мен бос алаңқайларды (жайларды) таза
ұстаңдар!»
85
– деп үйде қоқыс жинауға тыйым салған.
82
Қандыхләуи, Хайатус-сахаба, 3/77
83
Хәйсами, Мәжмәуз-зәуәид 2/11;
84
Хәйсами, Мәжмәуз-зәуәид 8/258; Бәйхаки, Сүнән 1/212.
85
Ибн Каийм, әт-Тыббун-Нәбауи, 216
118
Достарыңызбен бөлісу: |