Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет120/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Қоршаған орта тазалығы
көлеңкесі, т.с.с. Әйтеуір адамдар тыныстайтын жерлер. 
Сондай-ақ,  мүмин,  хадисте  тыйым  салынғанды  тек 
«дәрет сындыру» деп қана ойламай, мұны ластаудың 
кез-келген  түрі  деп  білгені  жөн.  Себебі,  ол  дәуірде 
бөтелке, қалбыр, қағаз, қораптардың қалдығы секілді 
түрлі қоқыс жоқ болатын. Бұған қоса жүргіншінің ма-
засын алатын тікен, ағаш шыбығын алып тастаудың, 
бір сөзбен айтқанда адамның мазасын алатын кедергі 
атаулыны  жоюдың  маңызды  екені  тілге  тиек  етілген 
осындай  хадистерді  басқа  тұрғыдан  қарастырсақ,  де-
малыс аймақтарын адамдардың, тіпті аң-құстың маза-
сын алатындай ластаудың діни тұрғыдан қаншалықты 
өрескел қате екенін аңғарамыз
89
.
жоғарыда  баяндалғандай,  мешіт  секілді  көпші-
лік  жиналатын  орындарды,  жолдарды,  саябақтарды, 
қысқа  қайырғанда,  қоғамдық  орындарды  таза  ұстау 
дініміздің  тазалық  турасында  берген  кеңестеріне 
жатады.  Мүминнің  тек  үсті-басы,  ішкен-жегені  ғана 
емес,  айналасының  да  таза  болуы  керек.  Мұның 
жалпы денсаулық сақтаудың салауатты өмір салтының 
алғышарты  ғана  емес  дініміздің  де  әмірі  болуы 
мұсылманның жауапкершілігін арттыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет