110
ҚоршАғАн орТА ТАзАлығы ТУрАлы
Тазалық тек тән тазалығы, киім-кешек, үй-жайдың
тазалығымен шектелмейді. Дінімізде тазалықтың
ауқымы кең. Сол себепті қоршаған орта тазалығына да
бір кісідей көңіл бөлген жөн. Қоршаған ортаны ластау
– елді қолайсыз жағдайға душар етеді. Ал, шынайы
мұсылман – ешкімге зиянын тигізбей, ешбір жанды
мақұлықты жәбірлемеуі тиіс.
Пайғамбарымыз:
«Аулаларыңды таза ұстаңдар!»,
– деп, үйдің айналасын, қора-қопсыны таза ұстау қажет
екенін білдірген.
Көпшілік орындарды ластау – мұсылман баласы-
на жараспайтын нашар әдет. Бірде Пайғамбарымыз
көпшілікке қарата:
«Лағынетке ұшырағандар сана-
тында болудан сақтаныңдар», – деген. Сахабалар:
«Уа,
Аллаһ елшісі, олар кімдер?!», – деп сұрағанда:
«Халық
көп жүретін жол бойы мен адамдар көлеңкелеп оты-
ратын тұстарды былғағандар»
68
, – деп жауап қатқан.
жүргінші көп жүретін жолдарды, тынығып от-
ыратын орындарды бүлдіру, ластау Ислам әдебімен
үйлеспейді. осы орайда Аллаһ елшісі мешіттің
қабырғасындағы түкірікті өз қолымен таспен қырып
тазалау арқылы үлгі көрсеткен. Бұл – көпшілік орын-
дарды ластауға болмайтынын ұқтырады.
68
Мүслим, Таһарат, 68. Әбу Дәууд, Таһарат, 15; Ахмәд ибн
Ханбәл, Мүснәд, 2/372