Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет112/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
жақсы.  Пайғамбарымыздың  үй-жайының  жобасын 
үлгі  тұтқан  мұсылман  сәулетшілер  үйдің  ауласын 
ғимараттың ашық қасбеті (фасады)  деп қабылдаған.  
Пайғамбарымыз  тағы  бір  хадисінде:  «Кең  үй, 
жақсы көрші, ыңғайлы мініс көлігі – мұсылман кісінің 
бақытынан»
70
, – дейді. Сондай-ақ, үйдің кең болғаны 
жақсы  және  кір  бұйымдарды  үйден  тысқары  шығару, 
қоқыс жинамау қажет екенін баяндайтын хадистер де 
бар.
Хазірет  омар  да:  «Пайғамбарымыз  қоқыс  тас-
талған жерде, құрбан (мал) сойылған жерде, монша-
да, мал қорасында және адамдар көп жүретін  орын-
дарда намаз оқуға тыйым салды»
71
, – деген.
Тар  әрі  тұрғындардың  саны  көп  үйлерде  тыныс 
алу  жолдарының  инфекциясы  мен  жұқпалы  аурулар 
көптеп  кездеседі.  Адамдар  бір-біріне  өте  тығыз  (70 
см-ден аз ара қашықтықта) өмір сүретін болса, отбасы 
мүшелеріне  ауру  әлдеқайда  тез  тарайды.  Демек,  егер 
тұрмыс  жағдайы  көтерсе,  үйдің  кең,  таза,  болғаны 
абзал.
Қажылық  жасаушылардың  қажылық  ғибадаты 
кезінде  қағбаның  тазалығына  баса  мән  бергені  жөн. 
Қағба  қажылық  кезінде  ығы-жығы  халыққа  толы 
болады. Ал эпидемиялық аурулар көпшілік ортада оңай 
әрі тез тарайды. олай болса, қоғамдық көпшілік орын-
дарда тазалыққа  мұқият болуымыз керек. гигиенаның 
талабы  да  осы.  Мешіттердегі  ерекше  тазалықтың  бір 
сыры осында жатса керек. 
70
  Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд, 3/407-408
71
  Ибн Мәжә, Мәсажид, 4


113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет