Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


киім-кешек гигиенасы туралы



Pdf көрінісі
бет104/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

киім-кешек гигиенасы туралы
Киім-кешек  таңдауы  мен  күтімі  гигиена  тұр-
ғысынан  өте  маңызды.  орта  ғасырлық  Еуропада 
адамдар  суықтан  қорғайтын,  бірақ  тазалауы  қиын 
жүннен  тоқылған  ауыр  киім  киетін.  Шомылу  әдет 
болмағандықтан олардың киімдері тез кірлеп биттейтін 
әрі  бойларынан  күлімсі  иіс  шығатын.  жағымсыз 
иісті  басу  үшін  батыстықтар  әтір  пайдаланатын.  Тек 
ХVііі  ғасырдан  бастап  қана  сауда-саттықтың  дамуы 
арқасында әрі арзан, әрі ықшам, мақта-матадан жасап 
тігілген ішкиімдерге қол жеткізді. Бекзадалар жеке бас 
тазалығына ерекше көңіл бөліп, ХіХ ғасырда тазалық 


103
Тән тазалығы
жақсы  өмір  салтының  белгісі  санала  бастады.  Дене 
күтімі  мен  киім-кешекті  жиі  жуу  нәтижесінде  сүзек, 
оба аурулары мүлдем жоғалды.
Ал,  мұсылмандарға  келсек,  намаздың  басты 
шарттарының  бірі  –  киім  тазалығы  екені  о  бастан 
белгілі.  Зәр  және  өзге  де  нәжіс  тиген  киіммен  намаз 
оқуға  болмайтындықтан  мұсылмандар  күніне  бес 
мәрте үсті-басының тазалығын тексеруге міндеттелген. 
Пайғамбарымыз  таза  киім  кию  жайлы  айтылған  бір 
хадисінде:  «Ақ  түсті  киім  киіңдер,  себебі,  ақ  түсті 
киім  әлдеқайда  әдемі  әрі  тазалық  тұрғысынан 
ыңғайлы.  Мәйітті  де  ақ  кебінге  ораңдар»
65 
–  деген 
екен.  Әдетте  ақ  және  ашық  түсті  киім  кір  шалғанда 
анық  байқалатындықтан  жиі  жуылады.  Еуропа  киім 
тазалығының  маңызын  ХіХ  ғасырда  ғана  ұға  баста-
са,  діннің  талабын  беріле  орындайтын  мұсылмандар 
бұған сонау Vіі ғасырдың өзінде ерекше мән берген
66

Иә, біздер, мұсылмандар, дене күтімімен қоса киім ги-
гиенасына  да  жіті  назар  аударып,  Пайғамбарымызға 
ұқсап таза, мұнтаздай киініп жүруіміз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет