Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет100/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
мүмкіндігі болса әйелдің әр намаз уақытында дәрет 
алып,  намаз  оқитындай  уақыт  шамасы  құбылаға 
жүзін  беріп  отыруы,  сөйтіп,  тәсбих,  тәухид, 
тәхлил айтумен уақыт өткізгені мұстахаб санала-
ды. осылайша ол әрі жаратқан иесін есте ұстаған, 
ғибадат  ләззатын  қолдан  жібермеген  болады, 
әрі  Аллаһ  тағалаға  құлшылық  етуге  құлқы  мен 
құштарлығын паш етеді. Бұл жақсы пиғылы үшін 
әйелге ғұмырында оқыған ең тамаша, ең берекелі 
намазының сауабы жазылатыны айтылады. 
 
6
Хайыз,  нифас  күйіндегі  әйелдерге  намаз  оқумен 
қатар ораза ұстау да харам. Алайда оразаның на-
маздан  ерекшелігі  сол,  әйел  адам  ұстай  алмаған 
оразасының  қазасын  кейін  өтеуі  тиіс.  Өйткені, 
ораза  намаз  секілді  үзбей  орындалатын  ғибадат 
емес, жыл он екі айда бір келетіндіктен бірнеше 
күндік  оразаның  қазасын  өтеу  қиынға  соқпаса 
керек.
 
6
Хайыз,  нифас  күйіндегі  әйелге  Құран  оқу  да 
харам.  Пайғамбарымыздың  бұл  туралы:  «Хайыз 
немесе  жүніп  болған  жан  қасиетті  Құранды  оқи 
алмайды»,  –  дегені  бар.  Бұл  күйдегі  әйелдердің 
немесе жүніп болғандардың Құнұт дұғасы секілді 
түрлі  дұғалар  оқуына,  тәсбих,  тәхлил  айтуына, 
Пайғамбарымызға салауат айтуына әбден болады. 
Мұндайда  әйелдер  Құран  оқи  алмағанымен  оны 
тыңдай алады. 
 
6
Хайыз,  нифас  күйіндегі  әйелдерге  Құранға  қол 
тигізу де харам. Құранның тіпті бір ғана аятына, 
бірнеше  сөзіне  қол  тигізуге  де  болмайды.  Құран 
үйретуші мұғалім әйел етеккір көргенде оқытуды 


99
Тән тазалығы
көмекшісіне  тапсырады.  Ханафи  мәзхабының 
ғұламасы Кәрхи мен Тахауидің пікірінше көмекшісі 
болмаса  оқытуды  жалғастыра  береді.  Кәрхи 
мұндайда ұстаз әйелдің Құранның әр сөзін бөлек 
ежіктеп үйретуіне болады десе, Тахауи аятты жар-
тылай оқып  үйретуге болатынын айтады.
 
6
Хайыз, нифас күйіндегі әйелдерге, сондай-ақ жүніп 
болғандарға себепсіз мешітке кіру де харам.
 
6
Хайыз,  нифас  күйіндегі  әйелдерге,  жүніп 
болғандарға  мүминдердің  құбыласы,  қасиетті 
Қағбаны тауап ету де харам.
 
6
Хайыз,  нифас  күйіндегі  әйелдің  күйеуімен 
жыныстық  қатынасқа  түсуі  харам.  Бұл  күйде 
жақындасу үлкен күнә саналады.
Құран  бұл  туралы:  «Сенен  әйелдердің  етеккірі 
туралы сұрайды. Айт: бұл – бір қажытатын  (дімкәстік) 
жай-күй. Хайыз күйіндегі әйелдер тазарғанша олармен 
жақындасуды доғарыңдар!»
64
 – деген.
Аятқа тағы бір дәлел, Айша анамыз жеткізген хадис 
бар:  «Мен  хайыз  күйінде  болғанда  пайғамбарымыз 
мүбәрак  басын  құшағыма  қойып  Құран  оқитын. 
Кейде  Аллаһ  елшісінің  мүбәрак  шашын  тарап 
беретінмін». осы хадистен хайыз күйіндегі әйелдің 
ешқандай да нәжіс емес екенін нақты көреміз. Нифас 
күйінде де солай. Бұл жағдай кейбір діни парыздар-
ды орындауға кедергі болатын діни тұрғыдан ластық 
болып саналады. 
 
6
Хайыз  күйіндегі  әйелдің  кіндік  тұсынан  тізеге 
дейінгі әурет жеріне күйеуінің құмарлықсыз болса 
да,  жалаң  қол  тигізуі,  аймалауы  харам.  Хайыз 
64
  «Бақара» сүресі, 2/222


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет