Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет97/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
шаншып ауырса, етеккір қалыпты жағдайдан аз немесе 
көп келсе, уақыт өткізбей гинеколог-дәрігерге қаралғаны 
дұрыс. Әйел адам жалпы алғанда етеккір кезінде суық 
тигізуден, көп жүруден, атқа мінуден немесе велосипед 
тебуден, аяқ педалімен тебетін тігін машинасына оты-
рудан, ұйқысыздықтан сақтану керек.
нифас
Әйелдерде,  бала  босанғаннан  кейін  қынаптан 
ағатын қанды – нифас деп атайды. Нифас күйі ең көп 
дегенде  қырық  күнге  созылады.  Нифас  біткен  соң 
намаз,  ораза  секілді  ғибадаттарды  қайта  жалғастыру 
қажет. Қырық күн өткен соң да тоқтаусыз келген қан 
нифас емес үзір болып есептеледі.
истихада
Истихада – әйелдің жыныс мүшесінен, хайыз мен 
нифастан  басқа  қан  кетулерге  берілген  жалпы  атау. 
жатырдың  ішастарынан  хайыз  бен  нифастан  басқа 
дімкәстік  салдарынан  аққан  қанды  «истихада  қаны» 
дейді. Хайыз бен нифас күйі үшін уақыт шегі ең алды-
мен истихада қанын олардан ажырату үшін белгіленген 
болса  керек.  Истихада  мұрынның  ұдайы  қанағанына 
ұқсас тек дәретті бұзатын үзір күйі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет