Исламдағы тазалық күйіндегі әйелді күйеуі әлгі әурет жерінен басқа
кез-келген жерінен аймалай алады.
6
Истихада қаны оразаға да, намазға да кедергі
келтірмейді. Мұндайда жыныстық қатынасқа
түсуге де шектеу қойылмайды. Истихада күйіндегі
әйелдер үзірлі саналып, соған қатысты бекітілген
үкім шеңберінде ғибадат жасайды.
Арнайы күндерде әйелдердің кейбір ғибадаттардан аулақ болуының сыры Аллаһ тағала әйелдерді ерекше қасиетпен жаратқан
және әйелдер үшін айдың белгілі күндерінде дәретсіз
болуымен ерекшеленетін хайыз деп аталатын арнайы
(сырқатты) жағдай орын алатындай етіп жаратқан.
осы арнайы күндерде жауапты болып табылатын кей
істерді жасауына тыйым салынған. Негізінде мұндай
шектеуші үкімдер еркектер үшін де бар. Мәселен,
жүніп болған жағдайда немесе намаз дәретінің бол-
мауы жағдайында Құранға қол тигізуге немесе оқуға
болмайтындығы секілді.
Әйел баласы табиғи болмысы және қоғамдық
өмірдегі еңбек бөлінісі тұрғысынан көптеген қиындық
пен ауыртпалықты көтеретіндей айрықша жараты-
лыс иелері екені белгілі. олар бір жағынан балала-
рын тәрбиелеп, үй істерімен шұғылданса, екінші
жағынан ғибадаттарын да толыққанды түрде жүзеге
асырулары қажет. Міне сондықтан да Аллаһ тағала
көптеген хикметі бар хайыз күндерінде әйел баласын
намаз, ораза секілді парыздардан, Құран оқу секілді
нәпіл ғибадаттан босатқан. Қала берді, әйел мұндай
күндерінде де осы ғибадаттарды жасап жатқандай
сауапқа кенеледі. Әрине, егер хайыз күндерден басқа
101
Тән тазалығы кездерінде де жоғарыда аталған міндеттерін орындап
жүрген жан болса. Ендеше, хайыз кезеңінің хикметіне
жіті назар салсақ, әйелдер үшін жеңілдетілген нағыз
әділдік екенін байқауға болады.