Тәйәммүмнің шарттары Тәйәммүм жасағанда алдымен ниет ету – шарт.
Тәйәммүм жасайтын адам қолын топырақтың үстіне
қойғанда немесе қолға жұққан тозаңмен бетіне мәсіх
тарта бастағанда бұл амалды дәретсіздіктен арылу
мақсатында, намаз оқу немесе дәретсіз орындауға
болмайтын ғибадатты атқару ниетімен жасауға тиіс.
Мұндай ниетсіз алынған тәйәммүммен намаз оқуға
болмайды. Себебі, құр тәйәммүм жасауға бекіну
жеткіліксіз. Тәйәммүм жасау үшін тазалықты атқаруға
бөгет болатын жай-күйден арылу керек. Мәселен,
дененің кез-келген тұсындағы жарақаттан аққан қан
тоқтамайынша дәрет алынбайтыны сияқты тәйәммүм
де жасалмайды.
Сондай-ақ, мәсіхке кедергі келтіретін теріге
жабысқан қасаң қамыр, балықтың қабыршағы секілді
нәрселерді кетіру керек.
Тәйәммүм қос қолдың аясын тұтастай немесе жар-
тыдан көп бөлігін топырақ тектес таза әлдененің үстіне
қойып сүйкеу жолымен жасалады. Сондықтан екі
саусақпен топыраққа тиіп-қашып тәйәммүм жасаған
жарамайды. Шолақ (білегі жоқ) қолымен суды пайда-
лана алмайтын адам, егер көмектесетін біреу-міреу
табылмаса беті-қолын топыраққа (жерге) сүйкеп