әжетханада шомылу туралы Ғұсыл алғанда денедегі барлық түкке су тиердей,
құрғақ жер қалдырмай жуу шарт. Мұндайда шомылған
орын маңызды емес, тек үсті-басымызға толықтай су
тигізсек болғаны. Ғұсыл алуға оңаша орын табыл-
маса әжетханада да жуынуға болады. Әжетхананың
едені лас болса былғаныш су шашырады-ау деген
тұсты қайта жуу жеткілікті. Ал әжетхананың едені
таза болса мұның душ немесе ванна бөлмесінен еш
айырмашылығы жоқ. Қазіргі таңдағы әжетханалар мен
шомылуға арналған кабиналар гигиена талаптарына
сай жабдықталғандықтан шүбәлануға еш негіз болма-
са керек.