ғұсыл алуы парыз болғандар үшін тыйым салынатын амалдар Ғұсыл парыз болған адамдарға хайыз және нифас
күйіндегі әйелдер де кіреді, оларға мыналарды жасауға
тыйым салынған:
Намаз оқу, тиләуат сәждесін жасау.
6
Құран оқу
мақсатында бір аят болса да жатқа оқу харам.
Алайда шүкір және дұға аяттарын дұға, мінәжат
мақсатында айтуға рұқсат. жүніп немесе етеккірі
келген әйелдің дұға ниетімен «Фатиха» сүресін
оқуына әбден болады. Шәһадат айту, тәкбир,
тәсбих айтуға да рұқсат.
6
Құран Кәрімнің аяттарына қол тигізу, Құран
Кәрімнің мұқабасын ұстау харам. Тек қапталған
немесе арнайы құтыға салынған Құран кітапты
сыртынан ұстауға, көтеруге болады.
83
Тән тазалығы Қағбаны тауап ету, себепсіз мешітке кіру немесе
6
мешіттің ішінен жүріп өту харам.
6
Құран аяттары жазылған маңдайшаға, қағазға, т.б.
бұйымдарға қол тигізуге болмайды.