84
Исламдағы тазалық
дене қуатының тепе-теңдігінің бұзылуы осыған әкеп
соғады, яки мәселенің астарында басқа да жайлар
болуы мүмкін. Адам бойындағы энергияның аумалы-
төкпелілігі тақырыбын медицинаның тиісті саласы
зерттей жатар, біз клиникалық зерттеуді қажет
етпейтін бір ғана нәрсені айтқымыз келеді. желеп-
жебеп жүруші хафаза періштелері дәретсіз немесе
ғұсылсыз жүргенде адамнан бойды аулақ сала ма,
жоқ әлде бұл күй олардың міндетін атқаруға кедергі
бола ма? Әйтеуір жүніп күйдегі адам көп тынышсыз-
данып мазасы қашады. Бұған ел ішінде «босанғаннан
кейінгі уақыттарда әйелдерді жындар көп иектейді»
деген нанымның бар екенін қосыңыз. олай болса
«адамды қорғайтын періштелердің қызметі бірқатар
шарттарға тәуелді болған секілді, бұлар болмаса жын-
шайтандардың адамды әбден иектеп, мазасын алуы
ықтимал», – десек қателесе қоймаспыз.
Достарыңызбен бөлісу: