Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


ғұсыл алуды қажет ететін жағдайлар



Pdf көрінісі
бет74/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

ғұсыл алуды қажет ететін жағдайлар
1.  Жүніп болу
Ғұсыл мәни келгенде ғана алынады. Мәзи мен уәди 
келгенде  тек  дәрет  бұзылатындықтан,  ұятты  жерді 
жуып, тазалап, қайта дәрет алу жеткілікті.


74
Исламдағы тазалық
жүніп болу деп – жыныстық қатынасқа түсу немесе 
құмарлықпен  ұрық  бөліну  себепті  пайда  болған, 
ғибадат жасауға кедергі келтіретін жағдайды айтамыз.
Мәни  (ұрық)  ағып-ақпағанына  қарамастан 
жыныстық  қатынасқа  түскен  ер  адам  да,  әйел    де 
жүніп болады. жүніп болуға әкеп соғатын жыныстық 
қатынастың межесі еркектің жыныс мүшесінің сүннет 
болған тұсқа дейін әйелдің қынабына кіруі болып та-
былады.  Мәнидің  ұйқылы  немесе  ояу  күйде,  ерікті 
немесе еріксіз келуі үкімде өзгеріс тудырмайды. жүніп 
болу  үшін  жай  ғана  құмарлықпен  мәнидің  бөлінуі 
жеткілікті. Ауыр көтеру, құлау немесе сырқаттану сал-
дарынан сұйықтықтың келуі жүніп болуға жатпайды.
Ұйқыдан  тұрғанда  құмарлық  болғаны  есінде 
жоқ, бірақ ішкиіміне ұрық сұйықтығының жұққанын 
көрген адам ғұсыл алуы тиіс. Құмарлық болғаны есінде 
қалғанына  қарамастан  ішкиімінде  мәни  байқамаған 
адамның ғұсыл алуы шарт емес.
Қарау  және  ұстаудың  салдарынан  құмарлықпен 
мәнидің келуі жағдайында ғұсыл алынуы тиіс.
жүніп  болғанда  немесе  жыныстық  қатынастан 
кейін  кіші  дәретке  шықпастан  немесе  көп  қимылда-
мастан  немесе  ұйықтамастан  бұрын  жуынса,  артын-
ша  мәнидің  қалған  қалдығы  аққан  жағдайда  екінші 
рет  жуынуы  тиіс.  Алайда  жүніптіктен  кейін  кіші 
дәретке  шығып,  біраз  қимылдап,  содан  соң  жуынып 
жатып ұйықтаса, тұрғанда құмарлық болмастан аққан 
мәни  үшін  екінші  қайтара  ғұсыл  алудың  қажеті  жоқ. 
Себебі,  мұндай  жағдайда  мәни  жыныстық  мүшеден 
шәһуатсыз жағдайда аққан болып саналады. Сонымен 
қатар жуынып болғанда әйелдің жыныстық мүшесінен 


75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет