Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


Мәсіх қандай жағдайларда бұзылады?



Pdf көрінісі
бет71/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Мәсіх қандай жағдайларда бұзылады?
Дәретті  бұзатын  нәрсенің  бәрі  мәсіхті  де  бұзады. 
Бірақ  мәсіхтің  жарамдылық  мерзімі  біткенше  дәрет 
жаңаланғанда мәсіге мәсіх тартыла береді.
Алайда мына жағдайлар мәсіхті түбегейлі бұзады. 
Бұдан кейін дәрет алғанда мәсіх тартылмайды, аяқты 
жуу уәжіп болады:


72
Исламдағы тазалық
1.  Мәсіх  мерзімінің  бітуі;  Мәсіхтің  жарамдылық 
мерзімі  қатардағы  адам  үшін  24  сағат,  жолаушы 
үшін 72 сағат екенін жоғарыда баяндадық. Бұл уақыт 
шамасы толғанда мәсінің үстіне мәсіх тартуға болмай-
ды. Дәреті бар күйде мәсіх мерзімі біткен адам мәсісін 
шешіп аяғын жуса болғаны дәреті бұзылмай жалғаса 
береді. Содан соң мәсі қайта киіледі.
2.  Мәсінің  аяқтан  шешіліп  қалуы немесе шешіп  
қою; мәсінің біреуі байқаусызда шешіліп қалcа немесе 
мәсіні  иесі  шешіп  қойса  мәсіх  түбегейлі  бұзылады. 
Бұл жағдайда дәреті бар адам аяғын жуса дәреті қаз-
қалпында қалады.
3.  жүніп болу, етеккір көру немесе босану секілді 
ғұсылды  қажет  ететін  жағдайда;  мұндайда  мәсіх 
бұзылады  және  оның  ешқандай  күші  қалмайды. 
Суықтан    аяғы  тоңып  үсуден  қорыққан  адам  мәсіх 
мерзімі  бітсе  де  мәсісін  шешпей    мәсіхті  жалғастыра 
алады. Бұл жағдайда уақытпен санаспайды, үзір сана-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет