Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық


намазға дайындық және дәрет



Pdf көрінісі
бет67/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

намазға дайындық және дәрет
Намаз – тазалықтың төрт мәртебесін де қамтитын 
тамаша ғибадат. Намазға дайындық ретінде әуелі ғұсыл 
немесе дәрет алу арқылы дене мүшелері кір-қоңнан та-
зарады.  Тән  тазалығы  тазалықтың  бірінші  мәртебесі 
болып  табылады.  «Киіміңді  таза  ұста!  Әр  түрлі  лас 
істерден аулақ бол (жан мен тәннің кірінен бойыңды 


67
Тән тазалығы
тазарт!)»
47
  аятының  әмірі  екінші  кезекте  адамның 
үсті-басын, айналасын, намаз оқитын орнын тазалауы 
қажеттігін аңғартады. Мұндай  тазалықтан өткен адам 
харамға  көз  қиығын  салмайтын,  жаман  сөзді  ауызға 
алмайтын,  жамандыққа  қолы  барып,  аяғы  баспайтын 
күйде бойы мен ойы күнәдан арылады. Аллаһ елшісінің 
Әбу Һұрайрадан жеткен хадисінде: «Мүмин құл дәрет 
алған шақта: жүзін жуғанда аққан сумен немесе судың 
соңғы тамшысымен көзбен істеген күллі күнәсі жуылып 
кетеді,  қолын  жуғанда  аққан  сумен  немесе  судың 
соңғы тамшысымен қол ұшымен жасаған қателіктері 
жуылып  кетеді,  аяғын  жуғанда  аққан  сумен  немесе 
судың  соңғы  тамшысымен  аяғымен  барып  жасаған 
күнәлары  жуылып  кетеді.  Осылайша  дәрет  алып 
болғанда  күнәларынан  толықтай  арылып  мұнтаздай 
боп  шығады»
48
,  –  дейді.  Аллаһ  елшісінің  әр  намаз 
үшін  арнайы  дәрет  алуы  сондықтан  болар.  Меккені 
азат  еткенге  дейінгі  дәуірде  Пайғамбарымыздың  бір 
дәретпен  екі  уақыт  намазын  оқығаны  туралы  дерек 
жоқ.
Келесі  кезекте  жүрек  тазалығы  тұрады.  жаман 
ой-пиғылдан  арылып  жаратқанның  сүйіспеншілігіне 
бөлену – жүрек тазалығының нышаны. Аллаһ тағала 
адамзаттың  бір  өзіне  ғана  мойынсұнғанын  қалап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   223




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет