Исламдағы тазалық үнемі дәретпен жүрудің пайдасы мен маңызы Үнемі дәретпен жүру жақсы амалға жатады.
жақсылық жасау үшін жарысу да жақсы адамның
ақ пейілін аңғартады. Дегенмен, кез-келген адам
көтере алмайтын жүкті арқаламауы қажет. Бұл діннің
жеңілдікті ұстанатын қағидасына қайшы жағдай. Адам
парыз, нәпіл және уәжіп амалдарды тек шамасының
жеткенінше өз мойнына алып, Құдайдың қолдауымен
орындауға күш салуы керек.
Дәреттің үстінен дәрет алу хадисте айтылғандай
«нұр үстіне нұр» болып табылады. Пайғамбарымыз
әр намаз уақытында дәрет алатын. Дәреті әрдайым
бұзылушы ма еді? Мұнысын білмейміз. Бізге мәлім
болғаны – пайғамбарымыздың азан оқылғанда шұғыл
дәрет алатыны. Сахабалар пайғамбарымыздың Мекке
азат етілген кезде бір дәретпен бір-екі намазды
оқығанын айтады. осыдан Аллаһ елшісінің дәреті бола
тұра дәрет алғанын аңғарамыз. ол сондай-ақ ұйқыға
жатарда да дәрет алатын. Үмбетіне де дәрет алып
жатуды өсиет ететін. Дәретпен жатқан кезде қайтыс
болып кетсе, ондай кісінің шейіт болатынын айтатын.