18
Еңбек шартын жасау үшін мынадай
құжаттар талап етіледі:
жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк)
қажет. Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;
;
тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек
шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі
немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат
(Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан
өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.