Әдістемелік нұсқама
Студенттер бұл тақырыптарды оқу барысында өткен тақырыптарға
нақтырық айтатын болсақ, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі әдістерге,
еңбек құқығының қайнар көздерінің ерекшеліктеріне, соынмен қатар, кәсіптік
одақтардың жұмыскердердің мүдделерін қорғауға қатысуын сүйенулері қажет.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 1 бабына сәйкес,
«әлеуметтік әріптестік – бұл жұмыскерлер жұмыскерлердің өкілдері, жұмыс
берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы
еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге
бағытталған өзара қатынастар жүйесі». Ал ұжымдық шарт - ұйымдағы
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлер ұжымы мен жұмыс
берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.
Тақырыпты меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 4
бөлімін қараңыз.
Әдебиет: 1; 123-139 б.; 2, 141-154 б.; 3; 4; 6; 7; 13; 14; 15
Достарыңызбен бөлісу: |