Әдістемелік нұсқама
Бұл тақырыпты меңгеруді еңбек ету бостандығын көздейтін Қазақстан
Республикасының Конституциясының 24 бабынан бастаған жөн. Яғни:
«Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына
құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе
соғыс жағдайында ғана жол берiледi» - деп атап көрсетілген.
Еңбек шарты еңбек құқығында маңызды роль атақарады. ҚР Еңбек
кодексінің 1 бабына сәйкес, еңбек шарты – бұл жұмыскер мен жұмыс берушінің
арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты
(еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін
сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек
функциясы бойынша жұмыс беруге, ҚР Еңбек кодексінде, Қазақстан
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде,
ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын
қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге
міндеттенеді.
Бұл нормалар Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 2 бөлімінің 4
тарауында бекітілген.
Әдебиет: 1; 130-167 б.; 2, 193-244 б.; 3; 4; 6; 9; 13; 14; 15
Достарыңызбен бөлісу: |