А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



Pdf көрінісі
бет62/93
Дата12.09.2020
өлшемі0,79 Mb.
#78179
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93
Байланысты:
Тажибаева А.Х. Трудовое право

       

Әдістемелік нұсқама   

   


Тақырыпты  меңгеру  барысында  ең  алдымен  осы  екі  ұғымға  тоқталып 

кетейік.    Жұмыс  уақыты  -  жұмыскер  жұмыс  берушінің  актілеріне  және  еңбек 

шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ 

ҚР  Еңбек  кодексіне  сәйкес  жұмыс  уақытына  жатқызылған  өзге  де  уақыт 

кезеңдері ал  тынығу уақыты - жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос 

және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты (ҚР ЕК 1 б.). 

Жұмыскер  еңбек  міндеттерін  жұмыс  уақытынын  ішінде  орындауға 

міндетті. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс 

уақыты  болуы  мүмкін.  Бұл  жұмыс  уақытының  ұзақтығы  аптамен  белгіленеді. 

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) 

ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат 

болғанда  -  7  сағат  12  минуттан  және  апталық  норма  24  сағат  болғанда  5 

сағаттан аспауға тиіс. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың 

(жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, 

апталық  норма  36  сағат  болғанда  -  6  сағаттан  және  апталық  норма  24  сағат 

болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс. 

Еңбек  кодексіне  сәйкес  тынығу  уақытының  мынадай  түрлері  бекітілген: 

1)  жұмыс  күні  (жұмыс  ауысымы)  ішіндегі  үзілістер  -  тынығуға  және 




 

тамақтануға  арналған  үзіліс;  ауысымішілік  және  арнаулы  үзілістер;  2) 



күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз 

тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыста. 

Студенттерге  Қзақастан  Республикасының  еңбек  кодексінің  7  және  8  

бөлімінің нормаларын білулері қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет