Есеп 17
«Книппер» АҚ программисті Болатов наурыз айында қосымша ақы талап
етті. Өзінің арызында ол кетсе бойынша 9 дан 18 ге дейін жұмыс істеу керек, ал
шын мәнінде 9 дан 19 ға дейін жұмыс істеген. Жұмыстан шығар алдында
барлық коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын құжаттарды сақтауға
тапсырған. Сонымен қатар, 2 рет тапсырылған бағдарламаны уақытында
тапсыру үшін жұмыс орнында сағат 23.00 ге дейін қалған. Қорыта келе, наурыз
айында істеген қосымша қызметі 18 сағатты құраған. Болатовты сонымен
қатар, дүйсенбі сайын жұмыс орнына 15 минутқа ерте келуін міндеттеген
(жұмыстың басталуына дейін, қызметкерлерге инструкциялық жиналыс өткізу
үшін).
Жұмыс әкімшілігі Болатовқа қосымша атқарған қызметі үшін ақы
төлеуден бас тартады. Себебін, жалақысының онсызда жоғары көлемде
екендігімен түсіндіреді. Дауды шешіңіз.
Есеп 18
Қостанай қаласының «Больщевичка» ұйымының ұжымдық шартының
мазмұнында еңбек тәртібін бұзған, яғни жұмысқа кешігіп келген немесе жұмыс
орнында 3 сағатқа дейін болмаған қызметкерлерге еш ақы төленбей үстеме
жұмыстарға тартылады деп көзделген.
Ұжымдық шарттың талаптары заңды ма?
Есеп 19
Тоқыма фабрикасының қызметкері 2015 жылдың 20 маусымынан 28
күнге кесте бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демаласына шағады.
Маусымның 29-ынан 2 аптаға денсаулығына байланысты қалалық ауруханада
жатады.
Жыл сайынғы еңбек демалысын ары қарай жалғастыру қалай жүзеге
асырылады? Дауды шешіңіз.
|