4.3 Есептер шығару 21-ден 30
Есеп 21
№ 5 автопаркіне Тимофеев жеңіл автокөліктің жүргізушісі болып
жұмысқа қабылданады. Автопарктің бұйрығымен автобус жүргізушісі ретінде
қызметке ауыстырылады. Тимофеев автобус жүргізушісі болудан бас тартады.
Тимофеевтің ұсынылған бас тартуы заңды ма?
Тимофеевті басқа жұмысқа ауыстыру заңды ма?
Есеп 22
Маратова С-ның. «Жайлау» ЖШС 3 жыл істеген еңбек өтілі бар.
Маратова жұмысқа кезекті бала күту демалысынан 2011 жылдың 4 мамырында
шыққан, жұмысқа шықанына 6 айдан асты. Енді 9 қарашадан кезекті жыл
сайынғы еңбек демалысымды алайын десем 15 күн ғана ала аласың деп 1 айға
рұқсат бермеді.
Осы заңды ма? 6 айдан асқан соң жыл сайынғы еңбек демалысымды
толық алуға болмай ма? Мәселені шешіңіз.
Есеп 23
«Амир» ЖШС қызметкері Балабаева А. баласының күтіміне байланысты
жалақы сақталмайтын демалысқа шыққан болатын. Бірақ, Балабаева баласы 1
жасқа толғаннан кейін жұмысқа шығуға ниет білдіріп отыр.
Жұмыс беруші оны баласы 3 жасқа толғанға дейін баласын күтіп бағуға
арналған жалақысы сақталмайтын еңбек демалысна өтініш жазуына
байланысты оны жұмысқа қабылдаудан бас тартып отыр.
Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? Мәселеі Еңбек кодексінің
нормаларымен шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |