тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік
жолдар; б) мидағы орталықтар.
Кейбір философтар мен психологтар адам түйсігі заттардың объективік
қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде
пайда болатын ӛзгерістерді ғана бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды.
Беркли, Юм, Мах т.б. оқымыстылардың айтуынша түйсіктердің мазмұны
сыртқы
тітіркендіргіштердің,
яғни
сыртқы
дүниедегі
заттар
мен
құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің
ӛздерінің жұмыс істеу қасиеттерімен белгіленетін болады деп тұжырымдайды.
Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес,
қайдағы бір шартты белгілер мен иероглифтер, символдар болып шығады.Бұл
түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес
келетінін де, заттарды қалайша танып білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: