мембранасының ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, тӛменгі
дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа талшықтарды кесіп
тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған. Мұндай тәжірибе Г.
Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын дәлелдейді.
Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту
түйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік. Сӛздің мәнін ұғу, оны дұрыс
түсіну және біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды. Әрбір
адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың
нәзік айырмашылықтарын ажырата алу - есту түйсігі жӛнді жетілмеген адамға
қиынға түседі.
Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді.
Бұл процестің екінші жолы - дыбысты сүйек арқылы есту. Мысалы, құлаққа
мақта тығып қойып, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіне тақасаң, дыбыс
айқын естіледі. Дыбыстың сүйек арқылы берілуі ауа арқылы емес, дыбыс
шығарып тұрған зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі.
Есту түйсігін -
сӛздік, музыкалық
және
шуылдық
деп үш түрге бӛледі.
Түйсінудің бұл түрлерінен есту талдағышы дыбыстың үш сапасын: күшін
(қатты жай), жоғарылығын (жоғары - темен), тембрін (дауыстың немесе
музыкалық аспаптың ӛзіндік ерекшелігі), ұзақтығын (дыбыстың созылу
мерзімі) және бұған қоса үзіліссіз қабылданатын дыбыстардың екпін ырғақ
ӛрнегін ерекшелейді.
Сӛз дыбыстарын ажырата естушілік
фонематикалық есту
деп
аталынады. Ол ӛмір барысында бала тәрбиеленген тілдік ортаға қарай
қалыптасады. Шет тілін игеру фонематикалық естудің жаңа жүйесінің
жасалуына әкеледі. Шетел тілдерін оқып үйрену қабылеті кӛбіне дамыған
фонематикалық естумен анықталады. Ол сӛзді қатесіз жазуға (әсіресе бастауыш
мектепте) әсерін тигізеді.
Музыкалық естігіштіктің әлеуметтік қажеттілігі сӛзді естігіштіктен
кем емес. Музыкадан эстетикалық ләззат алу қажеттілігі болады. Дыбыстық
түйсіктің үшінші түрі - шуылдық (және сыбдырдың) адам үшін әлеуметтік
мәні аздау. Шуыл белгілі бір эмоциялық күйге түсіреді (жаңбыр шуылы, жел
ызыңы), кейде қауіптің хабаршысы болады (жыланның ысылы, жақындап келе
жатқан жаудың аяқ тықыры). Мектеп тәжірибесінде шуылдың ұнамсыз
әсерімен ұшырасуға тура келеді: ол санадан пайдалы сигналдар - сӛздерді
бӛліп шығаруға бӛгет жасайды, нерв жүйесін қалжыратады. Үлкен қалаларда
кӛше шуылына қарсы ағаштар отырғызылады.
Достарыңызбен бөлісу: