Есте сақтауды схема, кесте, диаграммалар (әсіресе оларды оқушылардың
ӛздері құрастырған болса) жеңілдете түседі. Формулалар, даталар, есімдср, шет
тіл сӛздері т. б, жаттауды басқаша үймыдастырған жӛн. Шет тіл сӛзін
жаттағанда оның мәнін түсініп қана қоймай, оның ана тіліндегі қай сӛзге сай
келетінін де, белгілі тәртіппен орналасқан дыбыстар мен әріптердң үйлесімі
екенін де есте сақтау керек.
Есте сақтауды жеңілдету үшін сездерді мазмұнына, ортақ түбіріне немесе
дыбыстық жағынан ұқсастығына қарап топтастыруға болады. Жаңа сӛзді
бұрыннан таныс сӛзбен салыстырып, олардың маңызы, дыбыстық жәнс әріптік
құрамы жағынан болатын ұқсастығын, айырмашылықтарын тауып отыру да
мақсатқа сияды. Кейде сездің қай әріптен басталып, қандай буынмен
аякталатынын, кітап немесе сӛздіктің қай жерінде басылғанын есте сақтау
сияқты сыртқы ассоциациялар жасауға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: