Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту
ықтиярсыз және
ықтиярлы болып
екіге бӛлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды.
Бейнелердің ӛздігінен, кӛбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру
мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын -
ықтиярсыз қайта жаңғырту
дейміз. Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді
санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі.
ЬІқтиярлы қайта жанғырту
- әдейілеп еске түсіру. Оған адам ӛзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс –
тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге
асырады.
Қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - ми қыртысында бұрынғы
қозулардан қалған іздердің жандануы. Қайта жаңғырту кезінде іздерді
жандандыру ассоциациялар негізінде ӛте алады.