мүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Ойлау
процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1)Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2)Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға
ұмтылу.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және
екінші сигнал жүйесі жӛніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі.Ойлау - ми
қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда
екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль аткарады.
Екінші сигнал жүйесінде нерв жүйесі қызмеіінін ӛз алдына дербес заңдары бар
деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың
айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар
нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды
жалпылап отырады.
Ғылыми-техникалық прогресс "ойлайтын" машинаналарды дүниеге
келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те
атайды) ӛз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді
үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі
ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сӛйленіп тұрған
сӛзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина
дойбы да "ойнайды". Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену
қабілеті жӛнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның
оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам ӛзін машинаға ұтқызбас үшін, ӛз ӛнерін
жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы
жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып
қарап отырады дегенді айтады. Бұл - сӛз енжар, әрекетсіз адамның сӛзі.
Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған программа беретін - адам. Осы
міндетті қоя білу үшіг адамға мол білім қажет. Машинадан "ақыл" үйренуге
болмайды, онда "ақыл" жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны
дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға ӛз ойлауын үнемі
жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің
дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды.
Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау
жағын да қарастырып отыру - адамның алдында тұрған ең басты міндет.
Достарыңызбен бөлісу: