болатын артикуляциялық қимылдарын елестетеді. Мысалы, іштен сӛйлегенде
біздің тамағымыз, тіліміз қимылдайды, не болмаса бір жерге отырып
қолымызбен бір нәрсе жазатын болсақ аяғымыз қимылдайды. Мұндай
елестеулер арқылы пайда болатын қимылдарды идеамоторлық қозғалыстар
дейді. Кӛру не есту елестеулерінен басқа елестер таза түрде ұшырамай бір-
біріне араласып, қосылып отырады. Олардың ӛзі де кейде басқа елестеулер
мен қосылып кетеді. Күнбе-күнгі тіршілікте кӛру, есту, қимыл-қозғалыс
елестері кӛбірек орын алады. Әр адамның елестерінде ӛзіндік ерекшеліктері де
болады. Мәселен, бір адамның елесі ӛте бай болып, кӛрнекті, толық ашық,
анық болып келсе, енді біреулердің елестері солғын, бұлыңғыр, күңгірт
болады. Кейбір адамдар кӛру елестері күрделі орын алса, басқаларда есту
елестері жақсы дамыған болады.
Елестеу туралы әр түрлі бағыттағы психологтардың түрліше теориялары
бар. Гербарт деген психологтың айтуынша, елестер сана табалдырығынан
тұрады, адамның психикалық әрекеттерінде екі түрлі ағымдар болады, бірі –
саналы, екіншісі – санасыз ағымдар дейді. Енді бір теория елестеулердің
белсенділігін жоққа шығарады, адам санасының онша белсенді емес екендігін
айтады. Шындығында елес белсенді келеді, олар бір-бірімен байланысып,
тоғысып қосылады, сӛйтіп ӛзара әрекет етіп отырады. Сондықтан адамның
елестеулерін, адамның ойынан, санасынан бӛлек ӛз алдына әрекет ететін
құбылыс деп түсіну шындықпен үйлеспейді.
Елестер бірінші жылдың ӛзінде-ақ кӛріне бастайды. Бала үй ішіндегі
ата-анасын, не болмаса отбасы мүшелерін, үйдегі кейбір заттарды,
ойыншықтарды тани алады. Ал екінші жылға аяқ басқанда ол бұрынғы
қабылдауында болған заттары, суреттері арқылы да тани алады. Екінші
жылдың аяқ кезіндегі кӛру, елестеулері кӛбірек орын алады. Себебі кӛбінесе,
бала үй ішіндегі, айналасындағы заттармен кӛбірек айналысады.
Ересек адамның елестеулері мен салыстырғанда, бала елестері, кӛбінесе,
еріксіз пайда болып отырады. Олардың осынау бейнелері әрі де ӛсіп, дамып
естімегендіктен қажетті елестерді дер кезінде тудыртып, олармен тиісті әрекет
жасай алмайтын кездері жие кездеседі. Ӛйткені, бала елестеткен уақытта жеке
заттардың, жеке құбылыстардың бейнелерін еске түсіреді де жалпылама
елестерге шамасы келмейді. Ал нақты мұндай елестер терең ойлауға жӛндеп
жәрдемдемесе алмайды. Сондықтан балалардың жалпылама елестеулерін
дамытып отыру аса маңызды іс. Бұл үшін, біріншіден, мектеп жағдайында
оқушы елестеулерінің бай, толық, кӛрнекті болуы жағын дамытып ойластыру
қажет. Ол үшін балаларды оқытқанда, сабақты кӛрнекті етіп жүргізген дұрыс.
Кӛрнекті оқу құралдары мұғалім мейлінше мол пайдаланса, балалардың
қабылдауы мен елестетуі қатар дамитын болады. Екіншіден, балаларды ӛз
бетімен бейнелерді жасауға үйретіп дағдыландыру керек, олардың әсіресе
жалпылама елетеулерін дамытуға ерекше кӛңіл бӛлу керек, үшіншіден,
елестерді дамытуда эстетикалық тәрбиенің маңызын да естен шығармаған
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: