3. Сөз сөйлеу стильдері. Сӛз сӛйлеу стилдері:
күнделікті тұрмыстық, кӛркемдік, іскерлік, ғылыми
түрде болады. Аталған стильдер сӛздердің мағынасынан ап-айқын кӛрініп
тұрады.
Күнделікті-тұрмыстық стиль тұрмыстық қарым-қатынас тақырыбына
байланысты. Ауызекі сӛзде бұл стиль әңгімелесу арқылы, ал жазбаша сӛзде
жақын адамдардың бір-біріне жазған хаттарынан аңғарылады.
Кӛркемдік стиль проза мен поэзияның түрлі формалары арқылы
танылады
. Іскерлік стиль еңбек үстіндеігі ресми қарым-қатынасқа байланысты
болады жәнехаттама, талқылау, арыз, акт формасында жүзеге асады.
Ғылыми стиль оқып білім алу, танымдық іс-әрекетке байланысты және
лекциялар мен ғылыми еңбектерде айқын байқалады. Әрбір стильге ӛзіндік
лексика (сӛз саптау) және ӛзіндік сӛйлем құрылысы тән.
Қарым-катынас практикасы адамның ӛзіндік қасиетін құратын сӛйлеу
стилін қалыптастырады. Адамның сӛйлеу мәдениеті мен сӛз сӛйлеуге жан-
жақты тӛселуі оның сӛйлеу стилін қарым-қатынас ситуациясына бағындыра
білуінен кӛрінеді.