1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет96/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   129
2.Қиял түрлері.  
Қиял 
актив
  және  
пассив
  болып екіге  бӛлінеді. Пассив қиялға түс кӛру 
жатады Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бӛлімдері қозу 
жағдайында  болып  жұмыс  істей  береді.  Мидың  мұндай  бӛліктерін  "күзетші 
пункт" деп атайды. Осы "күзетші пункттерде" біздің бұрын қабылдаған, кӛрген, 
естіген,  қолға  ұстап,  дәмін  татқан  заттарымыздың  бейнелері  мида  қайтадан 
"тіріледі".  Түсте  небір  ақылға  сыйымсыз  образдардың  жасалатыны  белгілі. 
Ӛйткені  бұл  кезде  мидағы  сигнал  жүйелерінің  арасындағы  байланыс  әлсірейді, 
мұнда  негізінен  бірінші  сигнал  жүйесі  ғана  қызмет  істейді.  Екінші  сигнал 
жүйесінің  қызметі  толық  тежелуге  ұшырайтындықтан,  адамның  ойлау  қабілеті 
ӛте тӛмен болады. Сӛздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың 
пайда  болуына  жағдай  жасайды  да,  соның  нәтижесінде  түске  қайдагы 
"кереметтер"  кіреді.    И.М.Сеченов  осындай  түстерді  "болған  әсерлердің  болып 
кӛрмеген қиысулары"-, деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің 
фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.  
Ұйқы  кезіндегі  осындай  ғажап  фантазиялық  бейнелер  де  ӛмірде  бар 
нәрселердің  жиынтығынан  құралған.  Бұлардың  негіз  і-  адамның  ояу  кезіндегі 
басынан  кешкен  оқиғалары,  ойы  мен  мақсаты,  тілегі  мен  арманы,  естіген-
кӛргендері,  істеп  жүрген  қызметі,  басқалармен  қарым-қатынасы  т.б.  ұйқыдағы 
адамның  түс  кӛруіне  себепші  болатын  фактілер  ӛте  кӛп.    Мәселен,  ми 
клеткаларына  кӛшедегі  транспорттың  тарсылы  да,  ағаш  жапырағының 
сылдыры  да,  иттің  үргені  де,  есіктің  ашылып-жабылуы  да  әсер  етіп  отырады. 
Мәселен,  ұйқыдағы  адамның  жүрегіне  бір  салмақ,  түссе,  оның  жүрегі  қатты 
соға  бастайды.  Осыған  орай  адам  мынадай  түс  кӛреді.  Ӛзін  қуған  біреуден 
қашады, бұдан ол ентігіп, бұлығады да. 
Түс кӛрудің мазмұны адамның, кӛбінесе, қызығуына, талғамына орайлас 
келіп отырады. "Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің  түсіне ақша кіреді" 
деген  мақал  да  біздің  осы  пікірімізді  қуаттайды.  Ӛмірде  ешбір  естімеген, 
кӛрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен 
соқыр  болып  туған  адамның  түсіне  кӛзге  кӛрінетін  "бейнелер  кірмейді,  оның 
басқа  сезім  мүшелері  арқылы  (иіс,  дәм,  есту  т.  б.)  қабылдаған  нәрселері  еніп 
отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын 
кӛзімен кӛрген заттарының бейнелері кіре береді. Түс кӛруді ұйқыдағы мидың 
фантазиясы  деуге  болады.  Мұндай  қиялды  әдейілеп  туғызу  және  оны  саналы 
түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс кӛру қиялдың ең пассивтік 
түрі болып табылады. 
Пассив  қиялдың  ырықсыз  түрі  адамның  ояу  кезінде  де  болып  отырады. 
Адам  алдына  ешбір  мақсат  қоймаса  да,  оның  кӛз  алдынан  елестер  тізбектеліп 
ӛтіп  жатады.  Мәселен,  адам  аспандағы  бұлтқа,  үй  қабырғасындағы  түрлі 
кӛлеңкелерге  қарап,  оларды  бір  нәрсеге  ұқсатады.  Леонардо  да  Винчи: 
қабырғадағы  даққа,  үйілген  күлге,  бұлтқа  қарап,  осылардан  адамның  пішінін, 
табиғат кӛріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың бәрі  - ырықсыз 
қиялдың мысалдары. 
Қиялдың  екінші  түрі 
актив
 
қиял
  деп  аталынады.  Ол  актив  қиял 
қайта 
жасау
,  
творчестволық қиял
,  
арман
 болып үшке бӛлінеді. 


 
Суреттеп  жазғанға  немесе  сызғанға  қарап  адамның  жаңадан  бір  нәрсені 
елестете  алуын, 
қайта  жасау
 
қиялы
  деп  атайды.  Қайта  жасау  қиялы  арқылы 
адам  шындыққа  сай,  дәл,  дұрыс  образдар  беріп  отырады.  Қайта  жасау  қиялын 
тәрбиелеудің  басты  жолы  -  кӛркем  әдебиет  кітаптарын  оқу.  Бірақ  тек  оқи 
бергенмен  қиял  ӛспейді.  Мәселен,  үстіртін,  тек  "қызық"  жерін  теріп  оқудан 
қиял  дамымайды.  Қиялды  ӛсіру  үшін  кітап  мазмұнын  ойға  түйіп,  оны 
кӛргендей,  естігендей  болып  отыру  қажет.  Мәселен,  оқырмандар  Мұхтар 
Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясындағы  Дәркембайдың  бейнесі  арқылы  кедей 
шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін кӛз алдарына  елестетеді.  Бұл - қайта 
жасау  киялының  кӛрінісі.  Мұндайда  адам  авторлардың  суреттеп  жазғандарын 
кӛз алдында тұрғандай кӛріп, тіпті сӛйлеген сӛздерін есіткендей де болады.  
Қайта  жасау  қиялын  тәрбиелеудің  екінші  жолы  -  географиялық 
карталарды  оқып  үйрену.  Картаның  бетінде  саяхат  жасау  бала  қиялына 
планетаның  түрлі  түпкірлерін  елестетеді,  балаға  талай  алыс  жерлерді  кӛргізіп 
отырады. 
Қиялдың ең жоғары түрі -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет