1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет99/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   129
4.Қиялды дамыту. 
Қиял бейнелерінің пайда болуы елестеудің пайда болуымен, оларды еске 
түсіре  алумен  байланысты.  Мәселен,    6-7  айлық  бала  анасы  бір  жаққа  кетіп 
қалса, жан-жағына қарап іздей бастайды. Бұл факт балада қиял  элементтерінің 
бар екендігін кӛрсетеді.  
Балада  сӛйлеудің  пайда  болуы,  онын  түрлі  әрекетпен  айналысуы,  сурет 
салуы,  балшықтан  түрлі  заттардың  пішінін  жасай  бастауы  бала  қиялын 
дамытуға  қажетті  шарттар  болып  табылады.  Балада  ең  алдымен  еске  түсіру, 
кейінірек қайта жасау қиялы пайда болады. Алғашкыда қиялдың ырықсыз түрі, 
кейіннен  ырықтың  белсенді  түрлері  жиі  ұшырасады.  Мектеп  жасына 
дейінгілердің  қиялының  дамуында  халық  ертегілерінің  алатын  орны  ерекше. 
Бала ертегі тыңдауға, оны айтуға ӛте әуес келеді. Осы тұста бала қиялы ерекше 
кӛрінеді.  Мектеп  оқушыларының  қиялында  оның  барлық  түрлері  жаңа 
мазмұнға ие болады. 
Қиялдың  дамуы  үш  жасар  бӛбектерде  жақсы  байқалады.  Мұны  
бӛбектердің      қызық    ертектерді  шын    ықыласымен  тыңдауынан,  ертедегі 
оқиғаны шын кӛріп, бар ынтасымен берілуінен кӛреміз. 
Қиял  басқа  да  психикалық  процестер    тәрізді    дамудың    ұзақ  жолынан  
ӛтеді.  Қиялдың    қарапайым  түрінен  бастап  творчестволық    қиялға    дейінгі 
кезеңнің  қалыптасуы  нақтылы  әрекетке байланысты. 
Мектеп жасына  дейінгі баланың  негізгі әрекеті  болып табылатын  ойын 
-  бала қиялын  дамытуда  ерекше орын  алады. Мектеп – бала қиялын дамытуда  
үлкен роль атқарады. Мұндағы  оқылатын  сабақтардың  мәнін түсіну  қиялсыз 
мүмкін емес.Бала қиялы  әрекет  үстінде  дамитындықтан  не  нәрсеге  болмасын 
ӛзін  қарастырып,  оның      икемділігі  мен    дағдысын    дамытып  отыру 
қажет.Тӛменгі  класс  оқушыларының  қиялын  дамыту  –  олардың    эстетикалық  
сезімдерін  оятады.  Мысалы    кӛркем  әдебиет  кітаптарын  оқу,  музейлер  мен   
кӛрмелерге    бару,  кино  кӛру,  ұйымдасып  музыка  тыңдау,  бала  қиялын  жаңа  
мазмұнға  толтыра түседі. 
 
Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім ӛзі қиялының аз немесе кӛп 
екенін,  қай  дәрежеде  екенін  білгені  жӛн.  Мұны  кӛптен  бері  шетелдерде  жиі 
қолданылып  келе  жатқан  "Сізде  қиял  бар  ма?"  деген  тест  арқылы  анықтауға 
болады.  Мына  кестедегі  сан  рет  тексерістен  ӛткен  сұрақтарға  жауап  беріп, 
ұпайлар  жинау  керек.  Мұғалім  балаларды  орманға  экскурсияға  апарған  екен 
дейік.  Онда  оқушылар  әрбір  ағашты,  ӛсімдік  түрлерін  кӛздерімен  кӛріп, 
қолдарымен  ұстайды,  білмегендерін  бірінен-бірі  сұрап  не  мұғалімнен  біліп 
алады.  Ертеңіне  мұғалім  оқу  сабағында  балалардан  кӛрмеген  ормандарды 


 
(тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын 
тәрбиелеуге кӛп пайдасын тигізеді. 
Ӛмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын 
да  дамыта  түседі.  Мәселен,  үшінші  сыныптағылар  сурет  сабағында  алдында 
тұрған  заттардың  бейнесін  айнытпай  сала  алады,  оны  осындай  басқа  затпен 
салыстырып  кӛреді.  Бұл  балада  қайта  жасау  қиялының  қалыптасып  келе 
жаткандығын байқатады. 
Бала  қиялы  әрекет  үстінде  дамитындықтан  не  нәрсеге  болмасын  ӛзін 
қатыстырып,  оның  икемділігі  мен  дағдысын  дамытып  отыру  қажет.  Мәселен, 
сурет  салудың  ән  айтудың  тәсілдері  мен  техникасын  үйренбейінше,  баланың 
осыған орай кӛрінетін қиялы да шарықтай алмайды. 
Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім 
де, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына 
әсер етерліктей әдістерді  іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара 
ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс 
жүргізу,  табиғатқа,  ӛндіріс  орындарына  экскурсиялар  жасау,  түрлі 
тапсырмаларды  оқушыларға  дербес  орындатып  отырғызу,  оқу  барысында 
кездескен  қиыншылықтарды  жеңе  алуға  баулу  т.  б.  осындай  әдістер  бала 
қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады. 
Бала қиялын тәрбиелеу және дамытуда олардың дүниетанымын, қызығуы  
мен  мүдделерін,  мақсат-тілектерін,  армандарын  ескеріп  отыру  маңызды. 
Адамның  білімі  мол  болса,  оның  ақыл-ойы  мен  қиялы  жемістіде  бай  болып 
келетініне баланың кӛзін жеткізу – ата-ана мен тәрбиеші ұстаздарының міндеті. 
Мектептегі, үйдегі кӛркемдік, эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер 
етеді.  
Шәкірт  қиялын  сабақ  үстінде  тәрбиелеуге  болады.    Бала  қиялын 
дамытуда  сыныптан  және  мектептен  тыс  жұмыстар  үлкен  орын  алады.  Бұл 
үшін  түрлі  үйірме  жұмыстарын  жақсы  жолға  қою  қажет.  Қиялды  дамытуда 
театр мен киноның   орны  да айрықша.  
Оқушылардың  жас,    дара  ерекшеліктерін  ескере  отыру,  қиялы    күшті  
дамыған    балалар  мен  дербес  жұмыс    жүргізу,  оқу  барысында  кездескен 
қиыншылықтарды    жеңе  алуға  баулу  т.б.  осындай    әдістер  бала  қиялын  
тәрбиелеудің  түрлері болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет