1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет97/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   129
 творчестволық қиял
. Творчестволық қиял деп 
ӛзіндік  жаңа  образдар  жасау  арқылы  әрекетте,  жаңа  продуктылар  беруде 
кӛрінетін қиялды айтады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар  - 
қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Творчестволық 
қиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны ӛнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет 
атқаратын  психикалық  процесс.Қиялдын  бұл  түрі  арқылы  жаңа  бейнелер 
жасалады  Жазушының,  суретшінің,  ғалымның,  сазгердің  т.  б.  қиялы 
творчестволық  қиялға  жатады.  Творчестволық  қиял  -  қайта  жасау  қиялына 
қарағанда,  әрі  күрделі,  әрі  қиын.  Абай  мен  Құнанбайдың  образдарын  жасау, 
оларды  сипаттап  жазған  шығарманы  оқып,  елестетуден  әлдеқайда  ауыр. 
Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің т.б. осы 
секілді  ӛнер  қайраткерлерінің  іс-әрекеттерінде  үлкен  орын  алады.  Ӛнер 
қайраткерлері ӛздерінің идеясын кӛркем бейне  арқылы береді.  
Ақын-жазушылар  қиялы  арқылы  ӛзінің  келешек  кейіпкерлерін  "кӛреді", 
олардың  мінез-құлықтарын  "елесетеді",  сӛзін  "естиді".  Сонымен  қатар,  ақын-
жазушылар  ӛз  кейіпкерлерімен  бірге  ӛмір  сүреді,  олардың  ойын,  кӛңіл  күйін 
"сезіп", қоян-қолтық араласып жүргендей болады.  
Ғалым  үшін  де  творчестволық  қиял  аса  қажет.  Творчестволық  қиял 
ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми 
жорамал  жасағанда,  эксперимент  жұмысын  ұйымдастырғанда,  тапқан 
жаңалықтарды  тексеріп  сынауда  ғалым  ӛз  қиялына  үнемі  сүйеніп  отырады. 
Бірақ  нағыз  ғылыми  жұмыс  кӛп  еңбектенуді  қажет  етеді,  ол  еріккеннің  ермегі 
емес,  ғылымның  жолы  ауыр.  Қажымай,  ӛнімді  еңбек  ете  білушілік, 
шыдамдылық,  іске  мейлінше  берілушілік  -  нағыз  ғалымға  тән  қасиеттер. 
К.Маркс  айтқандай,  ғылымның  "сәулетті  шыңына  шаршап-шалдығудан 
қорықпайтын,  оның  тасты  соқпақтарымен  тырмысып  ӛрлей  беретін  адам  ғана 
шыға алады". 
Творчестволық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. 
Қоғамға пайдаға келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы 
мүмкін  емес.  Қиялдың  бұл  түрі,  әсіресе,  мұғалімдік  қызметте  ерекше  орын 


 
алады.  А.С.  Макаренко  айтқандай:  "жеке  адамның  келешегін  жобалауда" 
мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді. 
Творчестволық  қиял  бейнелерінің  тағы  да  бір  түрі  - 
фантастикалық 
бейнелер

Бұларға 
діни-мистикалық, 
ертегі-фантастикалық, 
ғылыми-
фантастикалық  бейнелер  жатады.  Фантастикалық  бейнелердің  бұл  түрлері 
ӛздерінің  мазмұны  мен  манызы  жағынан  әр  тектес  болып  келгенімен,  бәріне 
ортақ негізгі белгі - оларда табиғатта жоқ объектілердің болатындығы. 
Діни-мистикалық
 
және 
ертегі-фантастикалық
 
бейнелердің  жеке 
компоненттері  ақиқат  дүниеден  алынғанымен,  мазмұны  мен  түрі  жағынан 
ӛмірде  бола  алмайды.  Діни-мистикалық  фантастика  бейнелері  ӛмір 
шындыгынан  аулақ  жатады.  Оларда  табиғат  күштері  де  және  адамның  ӛзі  де 
бұрмаланып бейнеленеді.  
Халықтың  батырлар  жырлаіры,  қисса-дастандарында  болатын  ертегі-
фантастикалық  бейнелердің  негізінде  ӛмірдің  ақиқат    кӛріністері  жатады. 
Ұшқыш  кілем  мен  ӛздігінен  жүретін  етік  бейнелері  қанша  ғажайып  
болғанымен, олар біздің кезімізде жүзеге асып отырған қатынас құралдарының  
халық қиялынан туған бейнелері. 
Ғылыми-фантастикалық
 
бейнелер
  ең  алдымен,  оны  жасаушының 
шындықтан тым шырқап аулақ кетіп, алыс болашаққа немесе ӛткенге үңілуімен 
сипатталады.  Ғылыми-фантастикалық  шығармаларға    адамзаттың  қазіргі  кезде 
бар ұғым мен білімнің  шеңберінен шығып кетушілік тән. 
Актив қиялдың ерекше бір түрі - 
арман
. Арман дегеніміз ӛз қалауымызша 
жаңа  образдар  жасау.  Адам  армандағанда  алдына  мақсат  қояды,  тілегіме 
жетсем  екен  деп  ойлайды.  Арман  адамға  күш  қуат  беріп  алға  итермелейді. 
Сондықтан  халық  «Арманы  жоқ  жігіттің,    дәрмені  жоқ»,  «Армансыз  адам, 
қанатсыз  құспен  тең»,  «Қыран  жетпеген  жерге,  қиял  жетеді»  -,  деп  дұрыс 
айтқан. Арманы  жоқ адам  ӛмірінің бір күні бір күнінен аумайтын, күн сайын 
белгілі  бір  істі  бір  сарынмен  қайталайтын,  күйкі  тіршіліктің  қамымен 
шектелетін адам.  
   
Адам қиялы ерік-жігермен, нақты шындықпен байланыспаса, ӛз мұқтажы 
мен тілегін ой арқылы ғана қиялдайтын болады. Әрине, мұндай ой адамға қиял 
бітірмейді, қайта оны басып-жаншып отырады, мақсатына демеу бола алмайды. 
Құрғақ  қиялға,  мұңға  шомған  адам  салдыр  -  салақ,  жалқау,  еріншек,  болбыр 
болып  келеді.  Мұндай  қиял  еңбекті  сүймейтін,  одан  қашқақтайтын  адамдарда 
жиі кездеседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет