философы әрі ағартушысы Ж.Ж.Руссо айрықша бағалайды. Оның пікірінше:
«басқара білгенде барлық құмарлық жақсы, ал оған бағынышты болғанда
барлығы да жаман.»
Құмарлық туралы Флаубер былаша тұжырымдайды: «Құмарлыққа қарсы
айтудың не қажеті бар? Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, ӛнердің, қысқасы
барлығының қайнар кӛзі емес пе? Ал құмарлық туралы біршама сӛз, бірақ
барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық- тыныштықтың жауы,
бірақ онсыз тіршілікте, не ӛнер, не ғылым болмаған еді.
Әрине құмарлықта сана-сезімнің белгілібір бақылауында болуы тиіс.
Әйтпесе, мағынасыз бір нәрсеге құмарлық сәтінде әрект ету - дауыл кезінде
теңізге жүзу дегендей,тӛтенше ескерту дұрыс болып шыға келеді. Бұл жерде
тежелмеген құмарлық жӛнінде айтылып отыр.
Кӛңіл күй.
Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын,
не кӛңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Адамның
кӛніліне айнала қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы
жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса,
кӛніліде кӛтеріңкі болады. Кӛнілге адамның денсаулық жағдайы, нерв
жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді. Мысалы: Адамның кӛптен ойлап
жүрген ісі оңға басса немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертация
қорғау т.б) шат-шадыман күйге түседі. Керісінше ол ылғы сәтсіздікке ұшырай
берсе, ӛздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады.
Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтанда «кӛңілсізден
күлкі шықпас, адам кӛнілден азады»-, деген мақалдар тегіннен-тегін
айтылмаған. Ерік жігері, күшті рухани ӛміріміздің мазмұны адамдар, тіпті
ауыр жағдайда кӛнілді жүреді. Оптимстік жарқын болашаққа сену,
қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамның басты қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: