Соңғы жылдары кӛрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың (1896-1965)
лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті.
Егер, И.П.Павлов ӛзінің тәжірибесін жануарға жасаған болса, Б.М.Тепловпен
оның шәкірттері осындай экспериментті адамдарға жасады.
И.П.Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі
темперамент ӛкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв жүйесі күшті,
бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар кӛбінесе ұйытқымалы, қимыл
қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын
тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде
қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик
темпераментінің ӛкілдері.
Сангвиник темпераментінің ӛкілі, Павловтың айтуынша, қуатты,
тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап тастап
жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез
тіл табыса біледі, ұжым арасында ӛзін кӛңілді ұстайды, былайша
айтқанда, ақ кӛңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде
сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады.
Нерв қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығы. Нерв қызметінің типі
адаммен бірге туады және оның түгелдей ӛзгеріске ұшырауы неғайбыл.
Дегенмен И. П. Павлов нерв қызметі типтерінің жекеленген қасиеттерін
ӛзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мәселен, козу процесі
тежелуінен басым, күшті ұстамсыз тип машықтанып, жаттығу арқылы езінің
тежелу процесі күшін біршама арттырып, оны қозу процесімен теңестіргені
байқалған. Осыдан И.П. Павлов күшті қозғыш типтерді жаттықтыру арқылы
тежелу процесінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады,- деген
қорытындыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: