1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет112/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   129
 
  
№ 17  дәріс. Темперамент 
   
Жоспар: 
   
  1. Темперамент туралы жалпы   ұғым. 
  
  2. Жоғары нерв қызметінің типтері-темпераменттің табиғи негізі 
            3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама 
            4.Темперамент  және  тұлғаның    басқа  қасиеттерінің 
өзара                  
байланысы 
  
 
 1. Темперамент туралы жалпы   ұғым. 
            Темперамент  деп  психикалық  процестер  ағысының  жылдам,  не 
баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен кӛңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке 
саласының  тыстан  берілетін  ерекшеліктерінің  жиынтығын  айтады.    Ол 
адамдардың  эмоциялық  қозғыштығынан,  қимыл-қозғалысынан,  жалпы 
белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан 
да  (мәселен,  біреулер  шапшаң  қозғалады,  тез  қимылдайды,  енді  біреулер  жай 
қимылдап,  асықпай  істейді),  психиканың  күші  мен  тереңдігінен  де  (мәселен, 
біреу  ӛжет,  алғыр  болса,  екінші  біреу  керісінше,  сылбыр,  жігерсіз  болады), 
адамның  кӛңіл-күйінің  ерекшеліктерінен  де  (салмақты,  тұрақты,  жеңіл, 
тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. 
б.) жақсы байқалып отырады. 
 
Темперамент  туралы  алғашқы  ой-пікірлер  ғылымда  ӛте  ерте  кездің 
ӛзінде-ақ  айтыла  бастады.  Ежелгі  Грек  ғалымдар  Гален,  Гиппократтың  
еңбектерінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, адамның тәнінде  
тӛрт  түрлі  сұйықтық  болады.  Олар:  денені  жылытып  тұратын  -  қан, 
салқындататын  -  шырын  (слизь),  құрғататын  -  бауырдағы  сары  ӛт  және  оған 
дымқылдық  беретін  қара  ӛт  (талақ).  Олар  дұрыс  араласса  адамның  дені  сау, 
дұрыс  араласпаса  сырқат  болады.  Организмдегі  сұйықтардың  біреуінің  басым 
болуы  адамның  темпераментін  анықтайды.  Гиппократ  темпераменттер  белгілі 
мӛлшерде  адамның  тұрмысына,  ауа  райы  жағдайларына  тәуелді  болады  деп 
санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, 
үнемі  қимыл-қозғалыстағыларда  -  ӛт  кӛбейеді,  темперамент  те  осыған  сәйкес 
анықталады.  


 
         Рим  дәрігері  Гален (129-199)   темпераменттің  санын  он  үшке жеткізді. 
Гален    организмде    жылылық    неғұрлым    басым    болса,  темпераменті    күшті 
болатынын,  денесі  салқын  болса,  темпераменті   баяулайтынын  айтты. 
           Неміс    философы    И.  Кант  (1724-1804)  ӛзінің    «Антропология  »    деген 
еңбегінде    темпераменттің    тӛрт    түрі    туралы    толық    психологиялық  
сипаттама    берді.  Бірақ    ол  темперамент    пен    мінез  ұғымдарын    бір-біріне  
балама  ретінде  (бұлай  деп  ұғыну  қате) қарастырды. 
           Темперамент  туралы    теориялар    19-шы    ғасырдың    аяқ    кезінде  де    кең  
ӛріс  алады.  Кӛрнекті  орыс    педагоғы    П.Ф.Лесгафт  (1837-1909)  
темпераменттерді    қан  сауыттардың   жуандығы  мен   кеңдігіне   байланысты  
деп  тұжырымдады. 
 
XX  ғасырда  темперамент  туралы  теориялық  пікір  айтқан  ғалымның  бірі 
Э.  Кречмер  (1888-1964).  Ол  «Тән  құрылысы  және  мінез»  атты  еңбегінде 
темперамент  турлері  адамның  дене  құрылысымен  конституциясымен  
байланысты  болады  деді.  Кречмер  адамдарды  дене  құрылысымен 
конституциясына  қарай  тӛрт  типке  бәледі.  Олар: 
пикник,  атлетик, 
лептосоматик, диспластик
.   
Э. Кречмердің сипаттауынша 
пикниктердің
 денесі  тӛртпақ, қол аяғы мен 
мойны  қысқа,  бұлшық  еттері  нашар,  сүйектері  борпылдақ,  іші  мен  бӛксесі 
үлкен, кӛкірек бездері шығыңқы, беті жұмсақ, ажарлы, денесі семіз келеді;  
Атлетиктер
  бойы  ұзын,  бұлшық  еттері  жақсы  жетілген,  жауырын  мен 
бӛксесі оңтайлы, мойны ұзын, дене құрылысы пропорциялы болып келеді.  
 
Диспластик
 – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр түрлі мүшелік зақым 
сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзыр, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер.  
 
Лептосоматик   
бойшаң,    нәзік  денелі,  кӛкірек  тұсы  жайылыңқы,  тар 
иықты, қол аяғы ұзын, сидыйған.   
Адамның  дене  құрылысын  осылайша  сипаттай  келе,  Кречмер 
темпераменттерді екіге бӛледі. Пикниктердің темпераментін Кречмер кебінесе - 
сиклотиник,    ал    атлетик  пен  астениктің  темпераменттері  -  шизотимик  деп 
аталады. Сиклотиник және шизотимикті ол сау адамдардың темпераменттеріне 
жатқызады. Сау адамдар мен ауру адамдардың ортасында  ауруға  шалдығайын 
деп  тұрған  адамдардың  темпераментін    Кречмер  сиклойд  темпераментіне,  ал 
астеник, атлетиктердің темпераментін - шизойд темпераменті деп атаған. Оньң 
айтуынша,  сиклойдтардың  және  шизойдтардың  ӛзіне  тән  аурулары  болады. 
Мәселен,  сиклойдтар  кӛбінесе  кем  ақылдық  -  депрессивтік  психоздармен 
ауырады.  Кречмердің  сипаттауынша    сиклойдтар    ӛте  жігерлі,    әрекетсіз, 
уайымшыл, бірақ тез кӛнгіш, ақ кӛңіл, ӛте жұмсақ болып келеді.    Шизойдтер - 
жай,  қозуы  ӛте  шабан,  тұйық,  жабық  адам,  бірақ  табанды,  тұрақты  болып 
келеді.  
Кречмер  темперамент  балаға  ата-анасынан  балаларға  тұқым,  нәсіл 
арқылы  кӛшіп  отырады,  олар  ӛзгеріске  түспейді,  баланың  туысынан 
темпераменті  қандай  болса,  сол  темпераменттерді  үлкейген  кезде  де  сол 
бойынша қалады дейді.  Әрине, темперамент женінде осылайша кесіп айту дәл 
болмайды, темпераменттер түрлі жағдайлардың әсерімен ӛмір суру барысында 
аздап ӛзгеріске түсіп отырады. 


 
        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет