Бірақ ұлттың ӛмір сүру жағдайлары ӛзгерген кездерде - ұлттық мінездегі
типтік бітістер де ӛзгеріске түсіп отырады.
Типтік мінез бітістерінің ұлттық ӛзгешеліктерімен катар тап ӛкілдерінің
күресі мен ӛмірін бейнелейтін типтік мінездің ерекшеліктері туралы да
айтылуы қажет.
Ӛмір сүрудің жалпы экономикалық, саяси және мәдени жақтарымен қатар
адамның мінез-құлқына сәуле түсіретін оның іс-әрекетінің жалпы жақтарын да
естен шығармауымыз тиіс. Осы айтылғандармен катар адамның табиғи
құрылымында
да
мәселен,
жоғары
жүйке
қызметінің
де
типтік
ерекшеліктерінде ортақ белгілер кездеседі.
Типтік және мінез типтері.
Адам ӛмірінің типтік жағдайларын
бейнелейтін ерекше, елеулі типтік бітістердің жиынтығы мінез типін құрайды.
Әр әлеуметтік дәуір қоғамдық аренаға белгілі типтік мінезді әкеледі. Мінез
типтерінің қай-қайсы да қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына карай
ӛзгеріске түсіп отырады
Мінез типі - біршама тұрақты құрылым, бірақ ол сонымең ӛзгермелі де
келеді. Адамның ӛзіне-ӛзінің талап қоя білу деңгейі, қоғам қажеті мен тәрбие,
ӛмір жағдайларының ықпалымен мінез типтері дамып және ӛзгеріп жатады.
Мінез типтерін зерттеу оларды жіктеуге, олардың қалыптасуы мен
кӛріністерінің белгілі бір заңды байланыстарына әкеледі. Мұндай жіктеудің
болмауы - жеке типтерді сипаттаудың кездейсоқтығына, үстірт кӛзқарасқа
соқтырады да оның теориялық және практикалық мәні елеусіз болады.
Психологияда мінезді жіктеуге талай рет талпыныс жасалды. Мәселен,
осындай бір жіктеуде мінез типтері адамның ақыл-парасаты, еркі мен
эмоциясының басымдығына қарай анықтаған. Жеке адамның ішкі және сыртқы
дүниеге деген бағытын негізге алған жіктеу кеңірек тараған. Бұл тұрғыдан
мінез екі типке - интраверттелген (тұйық, ӛзімен ӛзі болып жүретін ойшыл),
экстраверттелген (аңқылдақ, белсенді, ақжарқын адам) болып бӛлінеді. Бұл
типтер де шындықты бейнелендіреді, бірақ бұл жіктеулер де бір жақты.
Ақырында жеке адамның дербестік дәрежесіне орай типтерге бӛлу де бар.
Мұнда типтер
конформды
және
дербес
болып бӛлінеді. Мұның біріншісіне -
басқа біреудің ой-пікірімен санасқыш, жұрттың айтқанына тез иланып, кӛне
қоятын, айтқан сӛзді сынамай-ақ қабылдайтын, стресс жағдайларына бейімделе
алмайтын адамдар жатады. Екінші типке - ӛзіндік нанымы бар дербес пікір
және нақтылы шешімге келе алатын адамдар кіреді. Осы типтің ӛкілдері
белсенді, қажырлы, қиын жағдайларда асып-саспайтын, ӛз пікірін басқаларға
тыңдата алатын, стрестік жағдайларда еңсесі түспейтін кісілер болып
табылады. Жоғарыда аталған жіктеулердің барлығы да бір жақты, бұларда
жеке адамның адамгершіліктік қасиеттері ескерілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: