1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет117/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   129
         № 18  дәріс. Мінез 
  
Жоспар: 
   
1.  Мінез  туралы  жалпы  ұғым. 
2.  Мінез  бітістері. 
3.  Мінездің құрылымы. 
4. Мінездегі даралық ерекшеліктер мен типтілік. 
 
          
1.  Мінез  туралы  жалпы  ұғым. 
Адамның  ісі  мен  қылығынан  кӛрінетін,  оның  айналасындағыларға 
қатынасын  бейнелейтін  кісінің  тұрақты  және  тұрлаулы  жеке  ӛзгешелігі 
мінез 
деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп ӛмір сатысында дамып,  
қалыптасып  отырады.  Мінезі  мүлде  бірдей  болып  келетін    адам  болмайды, 
бірақ ӛмір сүрген ортасына, қоғамына  қарай  типтік мінезі болады. Күнбе-күнгі 
тіршілікте  адам  әдетте  менмен  не  кӛпшіл,  қайырымды  не  сараң,  биязы  не 
дӛрекі,  батыл  не  солқылдақ,  табанды,  ер  жүрек  не  байбаламшыл  болып 


 
сипатталады.  Олай  болса,  мінез  негізінде  жеке  адамның  моральдық-еріктік 
қасиеттері жатады. 
Жеке  адам  тіршілігінің  ӛрісі  тар,  ол  қоғамдық  дамудан  оқшау  жүріп 
жатса  (отбасынан  әрі  аспайтын  болса),  онда  біртіндеп  оралымсыз,  тартыншақ 
мінез  қалыптасады.  Бала  мінезінің  қалыптасуына  отбасы  мен  мектеп  ӛмірінің 
моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Мінез ӛзгермейтін тума 
қасиет  емес,  ол  ӛмірде  қалыптасады.  Мәселен,  ешбір  бала  туысынан  "еңбек 
сүйгіш  не  жалқау,  тәртіпті,  не  ұстамсыз  болып  тумайды.  Оның  мінезі,  ұзақ 
жылғы  ӛмір  сүру  барысында  ӛмірдің  сан  алуан  ағымына  қарай  тәрбие 
процесінің ықпалымен қалыптасып отырады.  
Мінез  туыстан  пайда  болмаса  да,  нерв  жүйесінің,  адамның  табиғи 
жағының  ерекшелігі  мінез  кӛріністерінде,  оның  жекеленген  бітімінің 
қалыптасуында  байқалып  отырады.  Нерв  процестерінің  тең  не  тең  еместігі, 
шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі - бұлардың бәрі адамның іс-
әрекетіне,  мінез-құлқына,  оның  реакцияларына  түрліше  рең  береді.  Мәселен, 
екі адамның  наным-сенімі  бірдей  болғанмен,  оның бірі  -  қызба,  шапшаң  және 
албырт, ал екіншісі - байсалды, парасатты болуы ықтимал. 
Нерв  жүйесінің  типінен  басқа  мінезге  организмнің  басқа  да 
ерекшеліктері:  жүрек,  қан  тамырлары,  ас  қорыту,  эндокрин  жүйелері  де  әсер 
етеді. Осы айтылған жүйелер қызметінін бұзылуы адам мінезінің күрт ӛзгеруіне 
әсер етеді. 
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан 
да,  оның  айналасымен  байланысы  тұрғысынан  да  сипаттап  отырады. 
Инабаттылық,  гуманизм,  адамдарға  қамқорлық,  жолдастықты  қадір  түту, 
жұртшылық  пікірімен  санаса  білушілік,  ӛзі  міндетін  орындаудағы 
жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. 
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-ӛрісі кең, 
талабы  мен    мүддесінде  қайшылығы    жоқ,    сӛз  бен  ісі  байланысты  адамдарды 
толық  мінезді
  адам  дейді.  "Адамның  басына  қонған  бақыттың  тұрақты  болуы 
жақсы  мінез-құлыққа  байланысты"  (Әл-Фараби). 
Мінез  сапаларының  бірі  - 
оның  бірқалыптылығы  мен  байсалдылығы.
  Мұндай  адамдар  қарым-қатынаста 
ұстамды  және  құйындай ұйтқып тұрмайды.  Кімнің мінезі толық болса, соның 
мінезі  бірқалыпты  да  келеді.  Бұл  екеуі  мінездің  егіз  қозыдай,  бірінен  екіншісі 
ешқашан ажырамайтын бітістері.  
Бірқалыпты,  тұрақты  мінезі  бар  адам  басқалардың  жетегінде  кетпейді, 
оның ӛзінің белгілі кӛзқарасы, принципі, ӛзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-
қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық кӛрсете біледі. Инициатива 
мен  белсенділік,  достық  пен  жолдастық,  адалдық  пен  шыншылдық  осындай 
мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда 
тұрған  кедергілерді  жеңе  білуде  кӛрінетін  адам  ұстамдылығының  мӛлшері 
жатады.  Соңғы  сапа  болмаса  да  мінез  ӛз  мәнінде  болмайды. 
"Бойда  қайрат, 
ойда  кӛз,  болмаган  соң  айтпа  сӛз
"  деп  Абай  тегіннен  тегін  айтпаған.  Жақсы 
мінезге  тән  сапалардың  біріне  оның  байсалдылығы  жатады.  Мінез  адамның 
дүниеге  кӛзқарасы  мен  сеніміне  байланысып  жатса  ғана  жоғарыда  аталған 
сапалар  қоры  молаяды.  Қабілетсіз  адам  болмайтыны  сияқты,  мінезсіз  де  адам 


 
болмайды.  Жаман  болсын,  жақсы  болсын,  әйтеуір,  адамда  бір  мінез  бітісі 
болады.  Бірақ  жоғарыда  айтқандай  түрлі  сапалары  қиысып  келетін  үлкен 
мінезді  адамдар  жиі  кездесе  бермейді.  Біреуде  ол  жағы,  біреуде  бұл  жағы 
жетпей  жатады.  Адам,  сондай-ақ,  түрлі  жағдайда  түрліше  қылық  кӛрсетуі  де 
мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. 
Ӛйткені  ол  әншейінде  батыл,  жігерлі  болмағанымен,  бірде  осындай 
қасиеттерімен  кӛзге  түсуі  мүмкін.  Мінез  үшін  тұрақты  қасиеттердің  мәні  ӛте 
зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана 
тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады. 
Мінез  адамның басқа  психикалық қасиеттерімен,  атап  айтқанда,  қабілет, 
темпераментімен  тығыз  байланысты.  Адамда  қабілеттіліктің  дамуы  кейбір 
тиісті  мінез  бітістерінің  болуын  қажет  етеді.  Мәселен,  табандылық,  уақытша 
сәтсіздікке  мойымау,  еңбек  сүйгіштік,  энтузиазм  сияқты  мінез  бітістерінің 
қабілеттер  үшін  ерекше  маңызды  екендігі  түсінікті.  Ал  темперамент  болса, 
мінез  бітістеріне  ӛзіндік  бояу,  реңк  береді.  Жақсы  мінездің  ықпалымен 
темпераменттердің  де  кейбір  нашар  жақтары  ӛзгеріп  отырады.  Мінезді 
қалыптастыруға  ерік-жігердің  қосар  үлесі  зор.  Еркі  күшті  адамның  мінезі  де 
берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді. 
Мінездің  мәнерлі  белгілері.
  Мінез  тек  қылық  пен  қимыл-қозғалыстардан 
ғана емес, бет-әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы 
кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл  адамнын жасы  ұлғаюының ғана 
белгісі  емес,  ол  сондай-ақ  беттегі  бұлшык,  еттердің  әдеттегі  қозғалыстарының 
да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулер түнеріп жүреді, 
біреудің  бетінен  таңданған  пішінді,  екінші  біреуден  жаратпаушылықты 
байқауға болады.   Күлімсіреудің ӛзі мінез тұрғысынан түрліше болуы мүмкін, 
біреу  кӛзімен  күлімсіресе,  екінші біреу  мұны  бүкіл  бет  пішінімен    байқатады. 
Адам  мінезінің  ұлы  білгірі  Л.  Н.  Толстой  былай  деп  жазды:  «Кӛзі  ғана  күліп 
тұратын   адамдар   болады,   бұлар - қу және эгоист адамдар. Кӛзсіз ауызбен 
күлетіндер  де  бар,  бұлар  -  әлсіз,  табансыз    адамдар,    күлкінің   осы  екі  түрі  де 
ұнамсыз».  Л.Н.  Толстой  күлкінің  менменсіген,  уылжыған,  бақытты,  жарқын, 
салқын,  қытықты,  ыржалақтаған,  момақан  т.  б.  түрлерін  ажыратып,  айырады. 
Типтік  мимика  жеке  адам  ӛмірінің  түрлі  қалтарыстарына  орай  рефлекстік 
сипатта кӛрініп отырады. 
«Кӛз - адам жанының айнасы» деген сӛз бар. Шынында да, кӛз мінез бен 
темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. Мәселен, Л.Н. Толстой кӛзді 
айлалы, нұрлы, мӛлдір, мұңды, суық, жансыз деп бӛлген. 
Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар 
денесін  шалқайта,  кеудесін  керіп,  басын  кекірейте  ұстайды.  Қарапайым  адам 
кӛзге  түсуді  қаламайды,  еңкіштеніп  басын  мойнына  тығып  жүреді.  Жағымпаз 
адам  иіліп,  сӛйлескен  адамына  жаутаңдай  қарап,  мүләйімсіп  тұрады,  кӛз 
түбінен қуланған күлкі болар-болмас байқалады. 
Адамның    алшаңдай  немесе  қысқа  адымдап  жүруі,    тұрысы,    қолын 
қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды. Адамның  сыртқы түріне 
карап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе емес, ӛйткені, кейбіреулер ӛзінің жан 
дүниесін  сыртқы  жасанды  қылығымен  жасырғысы  келеді.  Мәселен, 


 
жарамсақтық  кейде  айлакерлік  пен  сатқындыкты  бүркемелеп  тұруы  мүмкін. 
Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде ӛзінің нағыз бет 
пердесін кӛрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде, оқыс жағдайларда жиі 
кездеседі.  Мінезді  танып,  білу  үшін  адамның  сӛзі  мен  ісін  салыстырып,  оны 
ӛмірдін сан алуан жағдайларында байқап кӛру қажет. 
Табанды,  қажыр-кайратты  кісі  қандай  кедергіні  болса  да  жеңіп,  ӛзінің 
кӛздеген  мақсатына  жете  алады,  осы  жолда  ӛз  еңбегін,  тұрмысын  тиімді  етіп 
ұйымдастырады,  барлық  мүмкіндіктерді  жете  пайдаланады.  Осындай  мінезді 
адам қоғамға аса пайдалы болады, ӛйткені ол алда тұрған қоғамдық міндеттерді 
шешуде белсенділік қабілет кӛрсетеді. 
  
Мінез  адамның  жеке  ӛзі  үшін  ғана  емес,  қоғам  үшін  де  қажет.  Кейде 
мінезі  ауыр  бір  адам  бүкіл  ұжымға    қырсығын  тигізетін  кездері  болады. 
Осындай  адамның    әлегінен  ұжымда    тартыс,  қайшылықтар  туады,  ӛсек  ӛріс 
алады,  бұл  қалған  адамдардың  жұмысына,  кӛніл  күйіне  жаман  әсер  етеді. 
Мұндай  жағдайлар    жанұяда  да    кездеседі.  Керісінше,  ақ  кӛңіл,  жайдары 
адамдар  айналасындағылармен  сыпайы,  жолдастық  қарым-қатынаста  болады, 
жұртпен  оңай  шүйіркелеседі,  жұмыста  да,  тұрмыста  да  бір-біріне  ілтипатпен 
қарап, әр адамның қызметі мен дем алысына қолайлы жағдай туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет