да адам ӛзін сезім арқылы да ашады.Адамның нені сүйіп, нені жек кӛретіндігі,
қандай нәрсеге салғырт қарайтындыгы оның шын мәніндегі ӛмірлік
позициясын білдіреді.
Әлеуметтік ӛмір жағдайларына байланысты қалыптасқан мінез
ерекшеліктеріне орай адам шынайы құрылыстарға жан-тәнімен құмарта немесе
талдап селқос қарауы, жоғары дәрежедегі саяси моральдық, эстетикалық,
интеллектік сезімге ие болуы немесе керісінше, жұпыны сезімді болып,
ұстамсыздық, дӛрекілік, долылық (аффект) кӛрсетуі мүмкін.
Мінез құрылымындағы темперамент.
Мінездің табиғи негізі - жоғары
нерв қызметінің типтерін кӛрсететін темперамент болып табылады.
Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық
тонусының кӛтеріңкі - тӛмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайға
жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды.
Бірақ темпераменттер психикалық қасиеттердің басқа жақтарымен де
байланысып жататындығын және бір жағының, осы қасиетке - темпераменттің
кей кӛріністерін әлсіретіп, бүркемелейтіндігі, екінші жағынан, ӛмір талабына
сәйкес оны күшейте алатынын, сондай-ақ бұрын қалыптасқан әлеуметтік
бағдармен моральдық ұғым, әдеттерге де тәуелді болатынын есте ұстаған абзал.
Қалыптасқан әдетпен дағды, мінез бітістері темпераментке әсер етеді. Мінез-
құлықты
ӛзгертеді.
И.П.Павлов
керенау
флегматиктерден
белсенді
флегматиктерді ажыратқанда осы жағдайды ескерген болса керек. Бұл
айтылғанның сангвинктерге де қатысы бар, бұлардың бірі істе белсенділік
кӛрсетсе, екіншілері әбігер, бос сӛзді, той-даңазаға құмар келеді, флегматикпен
сангвиниктердің, осы айтылғандардың мінез-құлықтары бәрінен бұрын
олардың мінез бітістеріне тәуелді болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: