адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты, шаршау, ауру, білімнің, дағдының
аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін.
Еріктік әрекет азды-кӛпті қиналу жағдайында ӛтеді. Осындай жағдайда
ерік күші кӛрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға
жұмсалған қуат кӛлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін
математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсамауы
мүмкін, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,
«терлеуге» тура келеді.
Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик,
сангвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да тӛзе білсе, меланхоликтерде
мұндай ерекшеліктер шамалы.
Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және
артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау
қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды
қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін
санап, қолын кӛтеріп, ӛзіне ӛзі бұйрық бергеннен кейін бастайды.
Ерік күшін реттеу іштей немесе дауыстап сӛйлеп қостау кӛмегімен жүзеге
асырылады. Адам ӛзіне ӛзі кеңес береді, бұйырып, мадақтайды, колдайды.
«Батылдау бол», «Жасқанба» деген сӛздерді қолданады. Оларды адам ӛзіне ӛзі
ете қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.
Достарыңызбен бөлісу: