болып жарақаттанған ұшқыш ӛліп бара жатқанын сезсе де қолынан ұшақтың
штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы жарақаттанған жандардың ӛзімен бірге
ӛлетінін түсінген. Міне сӛйтіп ерік күшінің кереметтігінен ұшқыш ұшақты
қондырған.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам
ӛз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды
орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Ӛйткені адам сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған ӛзінің қатынасын білдіріп қана
қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай ӛзгерткісі келеді. Бұл үшін ол
қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар
есепсіз кӛп. Бұларды үлкен екі топқа бӛлуге болады. Оның бірін еріксіз
қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: кӛздің жұмылуы, жӛтелу
шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге
түсіп кеткен нәрсені кӛтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез
келкен қозғалыс арқылы сыртқы ортаны ӛзгертуге, оған ықпал жасауға
болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе
білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары
Достарыңызбен бөлісу: