7-тақырып. Әдеби тек. Эпос, лирика, драма. Әдеби жанрлар.
Роман. Повесть. Поэма. Әңгіме және новелла. Лирикалық жанрлар.
Баллада. Трагедия. Драма.
Бұл ұғымының күрделі болмысы. Тарихи сипаты. Терминді анықтаудағы
шартты пікірлер. Эпос, лирика, драманың шығу тегі. Тұрмыс-салт жырлары,
өнердегі синкретизм. Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы. Авторлық
толғам. Адамның ішкі өмірі. Баяндауыш тұлғасы. Баяндауыш монолог.
Драма. Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті. Автор сөзі. Кейіпкер сөздері
мен монологтар. Уақыт межесі. Театр шарттары. Сахна талаптарының
бейімделу. Актер ойыны, режиссер шешімдері. Лирика. Жекелік сана мен
сезім көріністері. Көңіл күй ахуалы. Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы
әлем. Шағын формалардың ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері.
Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы. Әсер
тұтастығы. Әнге ыңғайлас сипат. Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер.
Очерктер, жолжазбаларындағы шынайылылық пен автор толғаныстары.
«Сана тасқынының» әдебиеті. Ой мен әсер хаосы.
Жанр жіктемесінің күрделі сипаты. Жанрды анықтайтын сапалардың
неғұрлым тұрақтылығы. Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт.
Жанр мен композицияның төркіндестігі. Роман. Кең тыныстылық. «Жүрек
поэзиясы» мен «тұрпайы тіршілік» (Гегель) арасындағы тартыс.
Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский). Романдағы адам мен тағдырдың
«сәйкессіздігі» (Бахтин). Повесть- аралық жанр. Повестің тарихы. Тақырыбы.
Баяндау ауқымы. Мазмұн тереңдігіне мән арту. Повесть пен поэманың
ұқсастығы һәм айырмашылығы. Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары
мен қазіргі сипаты. Әңгімедегі көлем және айтар ойдың жарасымды өрімі.
Лирика жанрлары. Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың
лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты. Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен
қуатты ширығыс. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау
лирика, баяндау лирика. Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің
арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр
үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы.
Драмадағы қайшылықты тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы
мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік белсенділігі. Өз дәуірінің рухани-
адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін
қақтығыстар. М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Т.Ахтанов т.б. туындылары.
Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғы шарттар. Сахна өнері,
сайқымазақшылармен тығыз байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: |