1. Оқу пәнінің төлқұжаты Пәннің атауы «Әдебиет теориясы» Міндетті компонент пәні Кредит саны мен оқу мерзімі


-тақырып.   Қазіргі   әдебиет   теориясындағы   ғылыми   ағымдар



Pdf көрінісі
бет7/25
Дата10.12.2021
өлшемі97,02 Kb.
#78971
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
3-тақырып.

 

Қазіргі   әдебиет   теориясындағы   ғылыми   ағымдар.



Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.

Формализм – XX ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі.

1920   жылдарындағы   орыс   зерттеушілері   құрған   ғылыми   ұйымның   аты   –

ОПОЯЗ. Іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон,

В.Томашевский.   Тұрпайы   социологизм.   В.Фриче,   В.Шулятников,

В.Переверзев   т.б.   Әлеуметтік   ортаны,   қоғам   сипатын   артық   қою,

тұрақталмаған әркелкі көзқарас. Э.Кассирер. «Символикалық формалардың



философиясы»   атты   зерттеуі.   Дж.   К.Рэнсомның   1941   жылы   жарық  көрген

–«Жаңа сын» атты еңбегі. Америка әдебиеттанудағы және батыс елдеріндегі

соны   ғылыми   мектептің   қалыптасуы.   Структурализм   –   формализмнің   бір

тармағы. Француз мәдениеттанушылары Р.Барт, Кл.Леви – Стросстың 1950

жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы.

Ю.Кристеваның  лингвистикалық  структурализм  шеңберінен шығуы. Роман

тексі   (1970),   «Поэтикалық   тілдің   революциясы»   (1974)   атты   кітаптары.

«Текст өнімділігі», «Семиотикалық ырғақ» туралы. Шетел әдебиеттанудағы

антропологиялық   теориялар.   А.   Шопенгауэрдің   өзгермес   дүние   туралы

пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.Г.Юнгтің архетип терминін пайдалануы.

Орыс   әдебиеттанудағы     М.Бахтин   еңбектерінің   философиялық,   теориялық

мәні. Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау», «Көркем текст құрылымы»

атты   кітаптары.   Математикалық,   статикалық   зерттеу   тәсілдері.

Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантикалық-символикалық

сын.   Қазіргі   миф,   символ,   метафора   жайлы   жайлы   теориялар.   Символдық

формалар   дербестігі.   Көркем   шығарманың     біртіндеп   тұйықталу   процесі.

Табиғат,   адам   және   қоғам   қарым-қатынасы.   Әдебиет   пен   өнерге   қатысты

синэнергетика   жетістіктерін   пайдалану   (Г.Хакен,   И.Пригожин,   И.Стенгерс,

И.Евин).     Тәртіп   параметрінің,   тұрақтылық   пен   тұрақсыздық   ұстанымы.

Құпия   символы,   апат,     секірмелі,   сапалық   өзгерістер,   ырғақ   пен

синхрондылық, керемет,  бедел ұғымдары.

Әсемдік   туралы   талғам,   пайымдардың   ұлттық  фольклордан   бергі     үзілмес

арнасы.   XIX ғасырдағы  поэзия  өнеріне қатысты  арнайы пікір, толғамдар.

Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын

жазып алып, насихаттауы.  Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау,

жариялаудағы   еңбегі.   Абай   шығармаларындағы   поэзияның   әлеуметтік,

эстетикалық   сипатына   байланысты   пйымдаулар.   «Түркістан   уалаятының

газеті»,   «Дала   уалятының   газетінде»,   «Қазақ»,   «Алаш»,     «Сарыарқа»

газеттерінде,   «Айқап»   журналында   әдеби-эстетикалық   талап   –тілектердің

өсіп-толысуы   үшін   атқарған   рөлі.   М.Жұмабавтың   Ақан   сері,   Базар   жырау,

Ә.Диваев   туралы   мақалалары.   Ж.Аймауытовтың   М.Жұмабаев

шығармашылығын   талдайтын     еңбегінде   стиль,   әдеби   әдіске   қатысты

пікірлер.   А.Байтұрсыновтың   «Әдебиет   танытқышы»   (1926)   -   қазақ

әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап. 1920-30 жылдардағы әдеби сын.

Зерттеу   және   айтыс-дау     сарындағы   мақалалар.   Прокультшілер.   Тұрпайы

социологизм.   Ғ.Тоғжановтың   Абай,   Мағжан   шығармашылығы   жайлы

кітаптарының   мәні.   М.Әуезов,   Ғ.Мүсірепов,   Ғ.Мұстафин,   Ә.Нұрпейісов,

Т.Ахтанов   сияқты   көрнекті   қаламгерлер   айтқан   ой-тұжырымдардың

шығармашылық әлемімен тығыз байланысы.  Е.Смайловтың, Қ.Жұмалиевтің

«Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған оқулықтарының әдебиеттану

ғылымдарының негіздерін  танып-білудегі орны.  З.Қабдоловтың  «Сөз өнері»

атты   жоғары   оқу   орындары   филология   факультеттерінің   студенттеріне

арналған оқулығындағы жаңалықтар.   Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл

табиғатын   зерттейтін   З.Ахметовтың   еңбектері.   Поэзия   және   проза,   драма

поэтикасын,   жанрлар   сырын   сарапқа   салатын   зерттеулер.   М.Қаратаевтың



реализм, эстетика табиғатына байланысты  мақала зерттеулері. Лирика, поэма

жанрларын   таразылайтын   С.Қирабаев,   М.Базарбаев,   М.Дүйсенов,

Ә.Нарымбетов,   Қ.Мәшһүр-Жүсіптің  

  еңбектеріндегі   ой-толғамдар,

Т.Кәкішевтің   әдеби-сын,   Р.Нұрғалиевтің   драмадағы   поэтика,   мазмұн   мен

пішін   байланысына   орай   жазылған   кітаптарындағы,   Р.Бердібаев,

Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты

ғалымдардың   проза,   роман   болмысы   жайлы   еңбектеріндегі   ғылыми-

эстетикалық тұғырнама. Т.Қожекевтің сатира   жанрларын берген анықтама,

талдаулары.   Салыстырмалы   әдебиеттану.   Ш.Сәтбаева,   Л.Әуезова,

Н.Жуанышпеков, Б.Мамыраев, М.Маданова т.б.  еңбектері. Коммуникативтік

поэтика   мәселелері.   Қазақ   әдебиеттануының   әдебиет   тарихы,

фольклористика саласындағы  табыстары.  Салыстырмалы әдебиеттану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет