Пәннің міндеттері:
«Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде
қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика
қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет
туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі
аралықта толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика
тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер
мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.
Студенттер білуі тиіс:
Пәнді оқыту барысында студент әдебиет теориясын және эстетикалық
заңдылықтарын тарихи және құрамдық тұрғыдан толымды түрде меңгеріп
шығуы тиіс. Жинақталған білімдер жүйесін әдебиет сабақтарын оқытушылық
тәжірибеде өту кезеңдерінде ұтымдылықпен пайдалана алуы тиіс. Ғылыми
зерттеу жүргізу мезеттерінде әдебиет теориясының барша қағидалары мен
ұстанымдарына сай қорытуға бейімделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |