Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) және оны есептеу



Pdf көрінісі
бет122/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

Фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) және оны есептеу 

әдістемесі.

 

Өсімдіктер  фотосинтез  үрдісінде  жерге  түсетін  күн 

радиациясының  жалпы  мөлшерінен,  толқын  ұзындығы  280-нен  -  4000 

нм  дейін  310-нан  -710  нм  дейін  аралығындағы    қысқа  толқынды 

сәулеленуді  ғана  пайдалана  алады,  ал  оны  фотосинтетикалық  белсенді 

радиация (ФБР) деп атайды (Сурет 2). 

 

 

 



      280      310        500       700    1000      2000      3000      4000 

 

Шартты белгілер: 



 

Өсімдіктермен  фотосинтез  үрдісінде  пайдаланылатын 

радиация. 

 



 

107 


Өсімдіктермен  фотосинтез  үрдісінде  пайдаланбайтын 

радиация 

 

Сурет 2. Күннен түсетін жалпы радиациядан ФБР үлесі, нм 



 

ФБР шығу тегіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 

S

1

-  тура  күн  радиациясы  –күннің  көрінетін  дискісінен    параллель 



сәуле түрінде жерге түсетін күн сәулесі энергиясының  бір бөлігі; 

Д  –  шашыранды  радиация  –  атмосфераға    шашыраған  және 

бұлттармен  шағылысып  көлденең    жазықтыққа  түскен  күн 

радиациясының бөлігі; 

Q  -  жиынтық  радиация,    ол    S

1

+Д  қосындысына  тең.  Тура  күн 



радиациясын актинометрлер  және пиргелионометрлер мен, ал жиынтық  

және шашыранды радиацияны пиранометрлермен, ФБР-дің  тура түсетін 

күн  радиациясын  –  фитоактинометрлермен,  шашыранды  және 

шағылысқанды - фитопиранометрлермен  өлшейді. 

Күннен  түсетін  ФБР  энергиясы  кДж-мен  өлшенеді  (бұрындары 

ккал  қолданған, 1 ккал 4,168 кДж тең)  және жер енділігіне, жыл  және 

тәулік мерзіміне байланысты өзгереді. Мысалы, экваторлық, тропикалық 

аудандарда жер бетінің әр гектарына жылына 39-25 млрд. кДж-ға дейін 

энергия  тұседі,  ал  поляр  шеңберінде  -  5-6  млрд  кДж.,  яғни  жылдың 

жылы  кезеңінде  ол  көрсеткіш  Қиыр  Солтүстіктен  Экваторға  дейін  7-8 

есе  өседі,  дегенмен  Солтүстіктің  қысқа  вегетациялық  кезеңінде  ФБР 

күннің жарық мерзімінің ұзақтылығына  байланысты  - өте жоғары.  

Өнімді  бағдарламалау  үшін  нақты  аймақтағы  күн  энергиясының  

кірісі  жөнінде    толық  мәлімет    болу  керек,  мұның  өзі    фотосинтездің, 

транспирацияның, минералды қоректенудегі элементтердің сіңірілуі мен 

қозғалысы  және  ассимилянттардың  энергетикалық  негізі  болып 

табылады.  Күн  энергиясының  кірісі  өсімдіктің    бүкіл  өсіп-даму  

кезеңіндегі радиацияны және топырақтың жылу, су және ауа режімдерін 

құрайды.    

ФБР  кірісін  өлшеу  арнайы    құрал-саймандарды  талап  ететін  өте 

қиын  жұмыс  және  ол  Гидрометқызмет  мекемелерінде  жүргізіледі. 

Сондықтан 

есептеудің 

жуық 


нәтижесін 

алу 


үшін 

олардың 


климатологиялық  материалдарын  қолдануға  болады,  оларда  ФБР 

кірісінің  айлық  орташа  және  вегетация  кезеңнін  орташа  мәндері 

келтірілген (Н.А. Ефимова, Х.Н. Молдау және т.б.). 

Солтүстік 

Қазақстан 

аумағында 

ФБР 

кірісінің 



шамасы  

температурасы 5

0

С-дан  жоғары болған кезеңде - 14,1-15,1 млрд. кДж/га, 



температура  10

0

С-дан  жоғары  болғанда  -  12,4-12,9  млрд.  кДж/га, 



онтүстік  Қазақстан  облыстарында  -  тиісінше  18,2-18,9  және  16,6-16,9 

млдр.  кДж/га,  ал  Тажікстан  алқаптарында    бұл  көрсеткіштер  28,2-29,7  

және 20,1-20,9 млрд. кДж/га жетеді. 

Қазақстанның  үш  нысандарында  (пунктерінде)  –Астана,  Алматы 

және Костанай –орташа айлық ФБР кірісі 11-кестеде келтірілген. 



 

108 


 

  

Кесте  11.  Қазақстанның  үш  нысанында  (пунктінде)  жылы 



кезеңдегі ФБР (млрд.кДж/га) көрсеткіштері 

 

Айлар 



 Астана қ. 

 Костанай қ. 

 Алматы қ. 

Сәуір 


2,3 

2,3 


2,4 

Мамыр 


3,0 

3,1 


3,3 

маусым 


3,3 

3,3 


3,4 

Шілде 


2,9 

3,3 


3,9 

Тамыз 


2,6 

2,6 


2,9 

Қыркүйек 

1,9 

1,7 


2,1 

Қазан 


1,1 

0,9 


1,6 

 

 



  Әр  гектар  ауданына  есептегенде  Солтүстік  Қазақстанда    мамыр-

қыркүйек айларында 13,8-14,7 млрд.кДж энергиясы түседі, оның ішінде 

температура +10

С жоғары болғанда мөлшері - 12,6-13,0 кДЖ/га. 



Жаздық бидай өсіп-даму кезеңінде  8,4-10,5 млрд.кДж, арпа мен ас 

бұршақ - 7,5-9,6 жүгері сүрлем үшін - 8,8-10,5, көпжылдық шөптер -13,4-

14,7  млрд.  кДж энергиясы  түседі,  яғни ФБР  кірісін  көпжылдық шөптер 

және тағы да бірқатар суыққа төзімді дақылдар толық пайдаланады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет