Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет2/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   490
Байланысты:
index (15)

ISBN  

978-601-217-166-2 

 

 

 

 

 

 

ӘОЖ: 633/635(075) 



 

КБЖ 417 2я7 

 

 



 

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, 2011 ж. 

ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы,2011 



 



 



«Сәкен Сейфуллин атындағы  

Қазақ агротехникалық университеті» АҚ 

Өсімдік шаруашылығы кафедрасының 

50-жылдығына арналады

 

 

  



АЛҒЫСӨЗ 

(туындыгерлерден) 

 

 



Соңғы  уақытта  нарықтық  экономикаға  көшуге  байланысты  ауыл 

шаруашылығы өндірісінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету мақсатында айтарлықтай өзгерістер болды. 

Өсімдік  шаруашылығын  әртараптандыру  бәсекеге  қабілетті  өнім 

өндіру,  аса  маңызды  ауылшаруашылық  дақылдарының  замануи 

технологияларын  жасау  және  өндіріске  енгізу  бағытында  ауыл 

шаруашылығы  саласының  алдына  жаңа  міндеттер  қойылуда.  Оның 

үстіне  таяу  болашақта  біздің  еліміз    барынша  дамыған  50  елдің 

құрамына  енуге  тиіс,  бұл  агроөнеркәсіптік  кешенге  де  (АӨК)  қатысты, 

өйткені ауылға осы замаанғы жоғары білікті мамандар ауадай қажет. 

Жоғарғы  оқу  орындарының  оқу  үрдісін  ұйымдастыруда  да  үлкен 

өзгерістер 

болды: 

типтік 


оқу 

жоспарлары, 

пәндердің 

оқу 


бағдарламалары, 

агроөнеркәсіптік 

кешенге 

қажетті 


ЖОО-ның 

түлектеріне  берілетін  кәсіби  мамандықтар  да  өзгерді.  ҚР-ның  ауыл 

шаруашылығы 

жоғарғы 


оқу 

орындарының 

агрономия 

мамандықтарының  студенттеріне  арнап  қазіргі  кездегі  «С.Сейфуллин 

атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті»  АҚ-ның  өсімдік 

шаруашылығы  кафедрасының  ұжымымен  дайындалған  «Өсімдік 

шаруашылығы»  оқулығы  мемлекеттік  тілде  тұңғыш  рет  1993  жылы 

(профессор Қ.К. Әріновтің редакциясымен), ал орыс тілінде 1996 жылы 

(а.ш.ғ.д.,  профессор  Н.И.  Можаевтың  редакциясымен)  баспадан 

шығарылған,  міне  екінші  онжылдыққа  аяқ  басты,  оқу  үрдісінде 

пайдаланылуда, алайда ол моралді тұрғыда ескірді. 

Жоғарыда  келтірілгендерге  байланысты,  қазіргі  қолданыстағы 

«5В080100-Агрономия»  мамандығының  типтік  оқу  бағдарламаларына 

сәйкес  келтіріп  «Өсімдік  шаруашылығы»  оқулығын  дайындау  қажеттігі 

туындады.  

Мемлекеттік  тілде  дайындалған  «Өсімдік  шаруашылығы» 

оқулығы бұрын баспадан шыққан осы аттас оқулық нұсқасына (1993 ж.) 

толықтырулар  енгізіліп,  қайта  өңделген  және  танаптық  (екпе) 

дақылдардың тұқымтану мәселелері, ауылшаруашылығы дақылдарының 

өнімдерін  бағдарламалаудың  теориялық  негіздері  мен  іссаналық 

тәсілдері  қарастырылған,  дәнді  астық,  дәнді  бұршақ,  майлы  және 

эфирмайлы  дақылдардың,  түйнек  және  тамыржемістер  мен  бақша 

дақылдары,  талшықты  және  есірткілі  дақылдардың  қоршаған  орта 



 

факторларына 



қоятын 

талаптары 

мен 

осы 


заманғы 

өсіру 


технологиялары, сонымен қатар егін жинау ерекшеліктері жазылған. 

Қазақстанның  негізгі  егіншілікті  аймақтарының  топырақ-климат 

жағдайлары  мен  әрбір  дақылдың  биологиялық  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  олардың  өнімдері  мен  сапасын  одан  әрі  арттырудың  негізгі 

көздері мен жолдары көрсетілген. 

Оқулық 


«С.Сейфуллин 

атындағы 

Қазақ 

агротехникалық 



университеті»  АҚ  өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының  профессоры 

Қ.К. Әріновтің жалпы редакциясымен дайындалған. 

Оқулықтың жекелеген бөлімдері мен тарауларын жазғандар: 

-  «С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті» 

АҚ-нан:  Қ.К.  Әрінов  -  профессор,  ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының 

кандидаты,    Қ.М.  Мұсынов  –  профессор,  ауыл  шаруашылығы 

ғылымдарының  докторы  және  Н.А.  Шестакова  -  доцент,  ауыл 

шаруашылығы  ғылымдарының  кандидаты  -  «Алғы  сөз»,  «Кіріспе», 

«Тұқымтану 

негіздері», 

«Дәнді 

астық 


дақылдарының 

жалпы 


сипаттамасы»,  «Жұмсақ  бидай»,  «Қатты  бидай»,  «Арпа»,  «Сұлы», 

«Тары», 


«Қарақұмық», 

«Күздік 


астық  дақылдарының  жалпы 

сипаттамасы»,  «Күздік  бидай»,  «Күздік  қара  бидай»,  «Дәнді  бұршақ 

дақылдарының жалпы сипаттамасы», «Асбұршақ», «Ноқат», «Ноғатық», 

«Жасымық», 

«Атбас 

бұршақ», 

«Майлы 

дақылдардың 

жалпы 

сипаттамасы», «Күнбағыс», «Рапс», «Қыша», «Майлы зығыр», «Арыш», 



«Түйнекжемістер.  Картоп»;  Н.А.  Серекпаев  -    профессор,  ауыл 

шаруашылығы  ғылымдарының  докторы  –  «Ауыл  шаруашылығы 

дақылдарының өнімдерін бағдарламалау». 

 -  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінен:  А.Қ.  Апушев  - 

профессор,  ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының  докторы  және  С.С. 

Арыстанғұлов  -    а.-ш.ғ.  кандидаты,  доцент:  «Күріш»,  «Дәнді  жүгері», 

«Қонақ  жүгері»,  «Күздік  арпа»,  «Күздік  тритикале»,  «Майбұршақ», 

«Үрмебұршақ»,  «Мақсары»,  «Майкене»,  «Күнжіт»,  «Жержанғағы», 

«Эфир  майлы  дақылдар»,  «Тамыржемістер»,  «Бақша  дақылдары», 

«Талшықты дақылдар», «Есірткілі дақылдар». 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет