Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Қазақстанның  агроклиматтық  аймақтары  және  өсімдіктердің



Pdf көрінісі
бет4/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   490
Байланысты:
index (15)

Қазақстанның  агроклиматтық  аймақтары  және  өсімдіктердің 

негізгі факторлармен қамтамасыз етілуі. 

Кез  келген  ауыл  шаруашылығы  дақылының  өндірісі  көптеген 

факторларға  байланысты,  оның  ішінде  аумақтың  географиялық 

орналасуы мен топырақ-климат жағдайлары айтарлықтай әсер етеді. 

Қазақстан Республикасының жер аумағы 272 млн гектардан асады, 

ол  батыстан  шығысқа  қарай  –  Еділ  өзені  мен  Каспий  теңізі 

жағалауларынан  таулы  Алтайға  дейін  3,0  мың  шақырымға  таяу,  ал 

солтүстіктен  онтүстікке  –  Батыс  Сібір  орманды  дала  аймағы  мен 

Оралдың  сыртынан  Орта  Азиялық  шөл  далаға  дейін  1,5  мың 

шақырымнан астам аумақты алып жатыр. 

Қазақстанда  өсімдік  шаруашылығы  өнімдері  негізінен  12  облыста 

өндіріледі, олар бес өңірді  (аймақты) біріктіреді: Солтүстік Қазақстан  – 

Ақмола,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  және  Павлодар  облыстары; 

Оңтүстік Қазақстан – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан 

облыстары; Орталық Қазақстан – Қарағанды облысы; Батыс Қазақстан – 

Батыс-Қазақстан  және  Ақтөбе  облыстары;  Шығыс  Қазақстан  –  Шығыс 

Қазақстан облысы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет