Өте құрғақшылықты
, жылы аудан (Қорғалжын ауданының
оңтүстік бөлігі), ГТК<0,5, белсенді температура жиынтығы – 2550-
2700
0
С, жылы кезеңде 125-140 мм жауын-шашын түседі. Бұл өнірде
қатал ылғалдану жағдайларына байланысты егіншілік шектеулі деңгейде
дамыған.
Қостанай облысының
негізгі табиғи ерекшеліктері оның
ішкіматериктік орналасуымен анықталады: ол Орал, Батыс Сібір және
Орталық
Қазақстан
тоғысында
орналасқан,
облыс
климаты
континенталды, жаз бен қыс, күн мен түн температураларының күрт
ауытқуымен сипатталады. Оң температуралы жылы кезеңнің ұзақтығы
195-210 тәулік (5-10 сәуірден бастап қазан айының 22-31 жұлдызы
аралығы), аязсыз кезеңнің ұзақтығы 3,5 айдан (облыстың солтүстігі) 6
айға дейін (оңтүстігінде). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері
облыстың солтүстігінде 300-350 мм, ал оңтүстігінде – 170-200 мм-ден
аспайды. Жылы кезеңде түсетін ылғал әркелкі, басым бөлігі жаздың
екінші жартысына (негізінен шілде айына) сәйкес келеді. Қысы суық,
ұзақтығы 5 айға дейін созылады, аз қарлы, күшті желдермен
ерекшеленеді. Қар қабатының жұқалығынан топырақтың тоңазуы терең.
Облыстың
топырақтары
әртүрлі: қаратопырақты типтері кәдімгі
орташа қара шірікті және шамалы қарашірікті оңтүстік қаратопырақты
аймағына, қара қоңыр топырақты типтері күңгірт қара қоңыр және ашық
қара қоңыр топырақ аймағына, қоңыр (құба) топырақ типтері Солтүстік
шөлейт топырақ аймағына ажыратылады. Облыстың ылғалдануы немесе
гидротермиялық коэффициенті (ГТК) солтүстіктен оңтүстікке қарай азая
береді (0,9-0,3 аралығында), белсенді температура жиынтығы 2100
0
С-
дан (облыстың солтүстігінде) 3200
0
С-ға дейін (облыстың оңтүстігінде)
өзгереді, ылғалдану жағдайларына қарай облыс аумағы 3 аймаққа
бөлінеді:
1.
Достарыңызбен бөлісу: |